Етістікті бекіту сабағы

45

Сабақтың  тақырыбы: Етістікті бекіту сабағы (Сабақты Абай Құнанбаевтың

туғанына 170 жыл  толуына орай әрі  аймақтық компонент

ретінде ұлы ақынның шығармаларымен байланыстырып өткізу)

Сабақтың мақсаты:  а)Білімділік:  етістік бойынша білімдерін пысықтап,

жинақтап,қорытып,бекіту

ә) Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте

сақтау қабілеттерін  арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сауатты

жазуға дағдыландыру;

б)Тәрбиелік:  Абай шығармалары арқылы

адамгершілікке,имандылыққа,оқу-білімге баулып,тыйым сөздер

арқылы мәдениеттілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Оқушылардың етістік пен оның түрлерін,жасалу жолдарын,сөйлемдегі

қызметін  меңгеруі

Сабақтың көрнекіліктері:Интербелсенді тақта,презентация,электронды

оқулық,Абайдың портреті, өлеңдер жинағы,плакаттар

Сабақтың әдісі:СТО технологиясының элементтерін пайдалану, дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру:Абайдың қара сөздерінің ішінен салт,сабақты,болымды,болымсыз,тұйық етістіктері бар,есімше,көсемшенің жұрнақтары жалғанған мысалдар теріп келу. Үлгі: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды танидыдағы, сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.(19-қара сөз)

         (Туғанда-есімше тұлғасындағы салт етістік;                         

          Болмайды-көсемше тұлғасындағы болымсыз етістік;

          Естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе- көсемше тұлғасындағы сабақты  етістік;

          Танидыдағы –сабақты етістік;

          Білгені,көргені-есімшелі етістік;

          Болған-есімше тұлғалы етістік;

          Болады-көсемше тұлғасындағы салт етістік)

      Жаңа сабақ: Етістік бойынша өткен білімдерін қайталап,жинақтап,қорытып,бекіту сабағы

 « Қызығушылықты ояту»кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі  бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын

 

 

 

      «Мағынаны тану» кезеңі бойынша  теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, етістікті бекіту мақсатында бірнеше  тапсырмалар беремін.

 

 

 

 

 

 

        Бағалау (Төмендегі көрсетілген кесте бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды.)

                                              

Кері байланыс(Қорытынды)

Етістік туралы не түйгендерін, бүгінгі сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, «Етістік ағашына» жапсыру

 

 

Үйге тапсырма:267-жаттығу