Етістіктен өткенді қайталау

70

Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік.Етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге үйрету.

Ә)Дамытушылық.Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

Б)Тәрбиелік.Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі:қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сөйлеу,талдау,шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:әдебиет пәні.

Сабақтың көрнекілігі:топшамалар,суреттер.

Сабақтың барысы.I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.«Біліміңді байқап көр».Оқушылар,бүгінгі  «Етістік» тақырыбын қайталау сабағымыз бірнеше деңгейлік тапсырмалар тұрады.

1-деңгей.

  1. Етістік дегеніміз қандай сөз табы?
  2. Етістік құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай қандай түрлері бар?Мысал келтір.
  3. Есімше дегеніміз не,қалай жасалады?Мысал келтір.
  4. Көсемше дегеніміз не,қалай жасалады?Мысал келтір.
  5. Етіс дегеніміз не,қандай түрлері бар,қалай жасалады?
  6. Етістіктің шақтары туралы не білесің?Мысал келтір.
  7. Болымды,болымсыз етістік дегеніміз қандай етістік түрлері?Мысал келтір.
  8. Сабақты,салт етістік дегеніміз қандай етістік түрлері? Мысал келтір.
  9. Тұйық етістік дегеніміз не?Мысал келтір.

2-деңгей. «Сен қалай ойлайсың?».

Оқушылар берілген топшамалардан қал-мәтелдерден, сөйлемдерден етістіктерді тауып,мағынасын ашып,сөйлеу керек.

  1. Тілін білмеген түбін білмейді. (Ғ.Мүсірепов).
  2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Жеңіл еңбекпенен бақытты бола алмайсың.

3-деңгей 2 бөлімнен тұрады.

   1-бөлім.Шығармашылық жұмыс  «Мені әңгімеле». Дарынды оқушылар суретке өз беттерімен тақырып қойып,етістіктерді қатыстырып,5 минут уақыт ішінде қысқаша әңгіме құрайды.

   2-бөлім. «Балық аулау» ойыны жүргізіледі.Суреттегі теңізде жүзіп жүрген балықтарды аулап,әрбір балықтарда жазылған сұрақтарға жауап беру керек.

1.Дара етістіктерді ата.

Жазып отыр,келді,жүгіріп келеді,жуынды,оқыды, айтып болған еді,тереді,сөйле.

2.Есімше етістіктерді ата.

Айтқан,келді,келетін,сөйлер,бармейды,барған,оқитын еді, жазар.

3.Көсемше етістіктерді ата.

Келіп отыр,айтты,жүргізді,жазғалы отыр,айтыпты, келеді, еритін, жапқалы,санай,алып барады.

4-деңгей. «Жоғалған сөз,шешімін тап».

Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэзиялық шығармалардан үзінді оқылады, бірақ етістіктері түсіріліп оқылады.Сол етістіктерін айтып,өлеңнің тақырыбы мен авторын табуы қажет.

  1. Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау … тірі жанды.

(танымас,Абай. «Қыс»)

  1. Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар …

(естілмеген,М.Мақатаев. «Қара өлең»)

  1. Сағымы сайран …

Бораны …

 

(М.Жұмабаев. «Сүйемін».)

5-деңгей.Морфологиялық талдау.

1-топ.    Домбыраны қолға алсам,

Ағылған жыр мен күй көрсем.

(Жамбыл)

2-топ.    Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

(Абай)

3-топ.    Мал өсірсең,қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

(Мақал)

 

6-деңгей.Тест.

  1. Өздік етісті тап.

а)Азамат киінді.    ә)Егін егілді.    б)Бақша суарылды. в)Ұн еленді.

2.Өзгелік етісті тап.

а)Сөзді шын тоқтатар.

ә)Сүйреңдеген тіл сырын жасыра алмас.

б)Мақал сөздің сәнін келтіреді.

в)Сөз қуған бәлеге жолығар.

3.Қай сөйлемде ортақ етіс бар?

а)Жиналған жұрт өзара әңгімелесті.

ә)Сен туралы жұрт жақсы сөз айтсын десең,

Жұрт туралы өзің де жақсы сөз айт.

б)Дананы қатты сыйлап,сөзін сүйген,

Білімін аз-көп болсын ойға түйген.

в)Сөзі өтірік адамдардан алыс дүр,

Жолмен тура,шыншылдықпен өмір сүр.

4.Көп нүктенің орнына есімшенің қай жұрнағы лайықты?

Жақсылықты көп қуған

Бақ-дәулетке жолығ…

а)-ған   ә)-ер    б)-атын    в)-с

5.Мына көсемшелердің қайсысы жіктелмейді?

а)айтып   ә)барып б)айтқалы в)бара

6.Қай сөйлемде көсемше бар?

а)Нағыз тәтті ұйқының шағы да.

ә)Бүкіл тұла бойы маужырап ұйып,дәл осы күйде талықсып ұйықтап жата бергісі келеді.

б)Сатай көзін қайта жұмды.

в)Бас жағынан тағы да әкесінің даусы шықты.

7.Көп нүктенің орнына есімшенің қай жұрнағы лайықты?

Жамандықты көп қуған

Бір бәлеге жолығ…

а)-ған   ә)-ар   б)-атын   в)-с

  1. Сабақты бекіту.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша топтастыру әдісі.

Негізгі       туынды   дара   күрделі

Тұйық                                                                    Болымды

 

Етістік

Болымсыз

Көсемше

Есімше   етіс      Сабақты        Салт

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.

1-топ.268-жаттығу.

2-топ.Мақал-мәтел,өлең жолдарынан үзінді жазып, мағынасын ашу, етістікті табу.

3-топ. «Қыс кереметі» атты шығарма жазу