Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың тақырыбы:          Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып, өз ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: практикалық, іздендіру, көрнекілік, слайд топтамасы, интербелсенді тақта.

Мотивация: іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.

Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық.

Типі: жаңа білімді меңгерту, өткенді қайталау, бекіту.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиеті, ағылшын тілі, география.

 

Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Видеофильм – Әнұран

Слайд №1

  1. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Осы психологиялық дайындық арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Слайд №3

ІІІ. Картамен жұмыс.

  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?
  • Қазақстан Республикасы қай мемлекеттермен шекараласады?
  • Дұрыс, Ресей, Өзбекістан, Қытай республикалары.

Слайд №4

ІV. «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз қандай ассоциация тудырады?

Ірі мемлекет, жері кең, табиғи ресурстарға бай, көпұлтты, егеменді, тәуелсіз….

Слайд №5

  1. Жаңа тақырыппен жұмыс

—  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Тәуелсіз Қазақстан.

—  Егеменді, тәуелсіздің белгілері не?

—  Дұрыс. Олар Елтаңба, Ту, Әнұран, Елбасы…

Слайд №6

VІ. Жаңа сөздермен сөздік жұмысы.

Қор – фонд, запас, резерв, ресурс

Өркенді өзгерістер – прогрессивные изменения

Мұнай – нефть

Пайдалы қазбалар – полезные ископаемые

Ынтымақ  – солидарность

Бүтін – целое

Борыш – долг

Жарасу – подходить, соответствовать

Болашақ – будущее

 

 

  • Сөз тіркестер құрастыру
  • Сөйлем құрастыру.

Слайд №7

VІІ. Мәтінмен жұмыс үш топқа бөліп оқыту

  • Мәтінді абзацпен оқу
  • Аудару
  • Сұрақтарға жауап беру.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

 

Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.

Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мәртебе берілді.

1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.

Туған жерімізде талай-талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

 

Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау  – әрбір азаматтың борышы.

Біздің елімізде газеттер 11тілде, теледидарды12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз

Сұрақтар

– Біздің еліміз аса беделді қандай халықаралық ұйымдарға  мүше болып қабылданды?

– 1991жылы ұлтымыздың мерейін кім көтерді?

– Әрбір азаматтың борышы нені сақтау?

Слайд №8

VІІІ. Тапсырманы орындау.

  • Аудару
  • Сөйлем құрастыру

Слайд №9

ІХ. Ауысым. Өлең оқыту.

Слайд №10

Х. Полиглот

Рәміздер – символы – symbols

Ту – флаг – flag

Тіл – язык – language

Отан – Родина – Monherland

Мемлекет – государство state

Халық – народ people

Достық – дружба friendship

Слайд №11

ХІ. Тест

Слайд №12

Ой толғау. 5 жол стратегиясы.

Мемлекет                                                                       Астана

Тәуелсіз, егеменді                                                әдемі, көркем

Таныды, артты, қолдады.                                    Гүлдеді, өсті, таныды

Қазақстанды барлық ел таныды.                       Астана әдемі гүлденген қала

Ел.                                                                           Қала

 

ХІІ. Сабақ қорытындысы.

ХІІІ. Бағалау