Ғ дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру

 

23.Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.ә) Сөздерді буынға бөлу арқылы білімдерін дамыта түсу. б) Сурет бойынша дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы сөздік қорын  дамыту

Көрнекіліктер: Ғ дыбысына байланысты суреттер

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-түрі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі.Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа  дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы талдап, сұрап, пысықтау -Кеше қандай әріппен таныстық? Н әрпі.Ол дауысты  ма әлде дауыссыз ба?Тізбектете оқыту.

ІІІ.Жан- жақты білімін пысықтау  Өтілген тақырыпты пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ  Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Ғ дыбысы  мен әрпі деп аталады.Ғ дыбысын хормен айтқызу.Ғ дыбысы мен әрпі дауыссыз дыбыс.Тізбектете оқыту Оқулықпен жұмыс. Ғарышкер туралы не білеміз? Ол кім?

Ға              аға              таға

На             ана              тана

Па             апа              пана

Буынға бөлдіріп оқыту.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ҮІ.Сабақты қорыту Өтілген тапсырманы қосымша сұрақтар арқылы білімдерін пысықтау. Ұшты-ұшты ойынын ойнату.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау