Ғ дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. А) Оқушыларға өтілген Ғ дыбысы бойынша алған білімдерін  пысықтау ә) Оқушылардың сабақта сурет бойынша  әңгіме құрастыру арқылы    сөйлеу қабілеттерін дамыту   б) Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі   Оқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау — Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық..Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату

ІҮ. Жаңа сабақ  Ғ дыбысы мен әрпі қандай дыбыс? Суретке қарайық.

-Балалар , мына суретке қарайықшы. Бұлар біздің ұшқыш ағаларымыз.1-сурет Тоқтар Аубакиров , Талғат Мусабаев. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз. Оқулықпен жұмыс, буындап оқу

Аға       таға      апта

Ана       тана     пана     ТА ПА НА ҒА

Ү. Жаңа сабақты бекіту  Өтілген ғ дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау.

Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту

-Бүгін біз сендермен кімдермен таныс болдық.  Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы не айтамыз?

ҮІІ. Үйге тапсырма.Бағалау