Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі

216

Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі

Қазақстан Республикасы  қазіргі таңда керегесі кең, терезесі тең елу елдің қатарына кіргендіктен, елімізде заман талабына сай  жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технолгоиялар енгізілуде. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім «өлі» білім болып қалады; оқушыларымызды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілеп, қалауға да үйрету қажет.Сол себептен әр сабақта  диалогтік оқытуды кірістіру керек.Төрткүл дүниені  танудың  өзі  сұрақ  қоюдан  басталады. Диалог  дегеніміз-өзіне  және  өзгеге  деген қарым-қатынасты  қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуға ерекше қызмет атқарады.  Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал.  Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды.

Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды  жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді  байқауға  болады  оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс  үстінде сұрақ қою  арқылы білім алады. Диалог  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлкен  үлес  қосады. Әуел бастан  оқушылардың  ерекшелігі жас ерекшелігі мен  пәнге деген зерттеушілік кезде қызығушылықтарын түсіне келе мектептегі өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушыларды жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл  мәдениетін қалыптастыруға,өз ойларын еркін жеткізуге  тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол  нәтижеге жету болатын. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы  жағдаяттарды ескере келе,  әр сабақта  диалогтік  оқытудың маңызы оқушыларым  үшін пәнге деген   қызығушылықтарын  одан  әрі  арттырды себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алды.   Диалогтік  оқыту  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынастың  жақсаруына  ықпал  етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын  оқушылар  да  өздерін  бірте-бірте  аша бастайды. Сабақтың  тақырыбы  бойынша  оқушылар өз  ойларын  ашық  түрде  білдіре  бастайды. Басқа  адамдардың да,  өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны  өз ортасында   салып  айтуына  болатынын  түсіне  бастайды. Жаңадан туындаған өз  идеяларын, пікірлерін  дәлелдеуге  қызығушылықтары  артады. Тиыннан теңге құралатыны сияқты,білім де оқығанның түйірлерінен құралады дегендей,  сөз  байлықтары  аз  балалармен  қандай  жұмыс  жасауға  болатынын диалогтік оқыту арқылы ашуға болады. Бүгінгі таңда тіл  мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың  сөздік  қорларын әрі қарай қалай жетілдіруге  болады?»-  деген  сұрақ    жалғыз  мені  емес, барлық  мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін  дамытуда сұрақтардың түткі болуына, сынақтан өткізу және қайта бағыттау,  тиімділігіне  оңтайлы жол ашады. Әр сабағымызда оқушымыз өз ойын еркін жеткізсе, тілінің шеберлігін, шешендігін көрсетсе, сабақта толығымен ойын жеткізіп сөйлесе, оның жауабын тыңдап, жоққа шығармай, кемшілігін көңілге тимей, қолдау көрсете отырып, түзетсек мақтау, мадақтай сөздермен айтып отырсақ оқушы ойын еркін жеткізетін болады.  Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім болмақшы. Сабақтарымызда әр түрлі  сұрақ-жауап арқылы оқушының  сыныппен  қарым-қатынасын жасата  отырып, білім алуына ынтымақтастырып, сөйлеу қабілеті дамытуымыз керек.

Мәселен мен өзімнің бір сабағымда зерттеушілік әңгіме ретінде ұлы Абайдың жыл мезгілдерімен  бейнелеген суреттерін тараттым: жыл мезгілінің қандай түрі бейнелеген? Адамдарға қандай пайдасы бар ? деп сұрақ қойдым. Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушының арасындағы сұрақ-жауап, әңгіме арқылы байланыс орната отырып бір-бірімен пікір алмастырып, бір-бірінің ойларымен бөлісіп  кең ауқымда қарым- қатынас жасап жатқанын аңғардым.

Сабақ барысында оқушыларымның қызығушылығы артып, сыныпта, бір- бірімен атмосфералық қарым- қатынаста болып сұрақтың  әр түріне қарай мәртебесі жоғары төмен сұрақтар қойғыза отырып сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастырдым.  Сонымен қатар оқушылардың ойларын, сөздік қорларын дамыту үшін сурет арқылы диалогті қолданғанда оқушылар сыни ойлауда ойларының ұшқыр екендігі байқалады. Оқушылар сабақ тақырыбынан ауытқымай  өз білімдерін тиянақтап отыра Абай өлеңіндегі жыл мезгілдерін аша отырып нәтижесінде бір-біріне сұрақ қояу арқылы  білімдерін толықанды арттырып отырды.

Бұл сұрақта күтілетін нәтиже   дәрежелі сұрақтарды қою мақсатында  оқушының сөйлеу, ойлау  қабілеттері  артады.  Темірді қызған кезінде соқ демекші осы белсенділігі жойып алмас үшін диалогтік оқытуды жалғастыруымыз керек.  Сабақта  «Дебат» стратегиясын қолданғада  оқушылар  аясында пікірлер мен қызу сөз таластар  артып оқушылардың сабаққа деген ынта жігері арта түседі. Сабақта осындай диалогтік әдісті қолдануда оқушылардан мынаны көруге болады  есте сақтау қабілеттері артады, тілдері жаттығады.  Сабақтарымызда  диалогтік әдісін  қолдансақ көптеген жетістіктерге жетуге болады.  Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы әр сабақта   зерттеушілік-әңгіме, топтық-әңгімені  қолдануға болады. Себебі зертеушілік әңгімеде  оқушылардың  шығармашылық, ізденгіштікке қасиеттері артады. Осындай тапсырмаларды  орындату барысында диалогтік оқыту модулі оқушылардың ойын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауына әсер ететінін, өз ойын еркін жеткізуге көмек беретінін байқауға болады