Ахмет Байтұрсынұлы, «Иттің достығы» мысалы.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы, «Иттің достығы» мысалы.

Сынып: 9 сынып

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. Әдебиет теориясынан білімдерін тереңдету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік – дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, достыққа тәрбиелеу. Достықтың белгісі адалдық, әділік екендігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың жабдықтары:

а) Байтұрсынұлы портреті.

ә) мысал  бойынша салынған сюжеттік сурет.

б) оқушыларды ынталандыру үшін  сайыстың кезеңдері белгіленген сурет.

в) жаңа сөздер.

г) оқушылар жасаған тақырып бойнша тірек үлгілер.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, қазақ тілі .

Сабақта қолданылатын әдістер: аквариум әдісі ( топтық жұмыс); түсіндіру әдісі; қатысымдық әдіс; әңімелеу; іздендіру, өздігінен білім алу әдісі; салыстырмалық әдіс; талдау әдісі; сөздік жұмысы.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармең амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру:

— Бүгін біз.  әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысалды жан-жақты талдаймыз. Сондай – ақ қазақ тілінде сөйлеу біліктілігімізді жетілдіреміз.

 

-Балалар, біз алдыңғы сабағымызда 20 ғасырдың көрнекті өкіл,і қазақтың бір тума ұлы А. Байтурсынұлы өмірі мен  шығармашылығымен танысқанбыз.

—        Ал  Бүгінгі сабақтың тақырыбы А.Байтұрсыновтың «Иттің достығы» мысалы

—         Бізге алдыңғы сабақта әдеттегідей осы мысалды үйден оқып, танысып келу, яғни алдын ала тапсырмалар берліген, оқып келдіңдер ғой?

 

Енді біз бүгінгі сабақа нені білуіміз керек?

  • Мысал мазмұнын білу;
  • Мысал аудармасын білу;
  • Мысал жанырын;
  • сұрақ-жауап құру.

Нені дамыту керек:

— шығарма талдау дағдысын;

— түйінді ойды табу дағдысын;

— мәтінді сюжеттік талдау дағдысын;

— қорытынды жасау,

— шығармашылық дағыдысын;

 

—        Яғни бүгінгі біздің сабақтың айдары «Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қасып айтар »

—         Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

—         Сендер тек жұмыла, біріге жұмыс жасап, достық қарым-қатынас, адалдық,  бірлік арқылы сабақ мақсатына, үлкен шыңдарға жете аласыңдар

—         Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

—         Мынау – I топ Сұңқар

—         Мынау – II топ Тұлпар

—         Сайыс «Білім шыңы» деп аталады. Барлығымыздың осы білім ордасындағы ең бірінші мақсат-тілегіміз білім шыңын игеру. Шыңға жету үшін асулардан өту керек – сайыста 6 асу бар. Сайыстың ерекшелегі топ жетекшісі жоқ. Барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз. Сонымен қай топ бірінші игереді екен? Іске сәт!

—          I асу

— Екі топқа әр түрлі үй тапсырмалары берілген, сендер өз сұрақтарың төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, ғылыми мағұлматтарыңды маған өткізісіңдер, ал 2 оқушы оны тірек-үлгілері арқылы қорғауларың керек.

I топ: Әдебиеттегі мысал жанры

II топ: Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы

 

— Өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Сонымен балалар Мысал дегеніміз не екен? Ол қандай жанрға жатады екен?  Аллегориялық образ дегеніміз не? Түйінді ой дегеніміз не?Ахмет Б. Кім екен?

 

— Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі, мысалшы, аудармашы.

 

Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет.

 

Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстар кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Иттің достығы» мысалымен танысамыз. «Иттің достығы» қалай аударалыды?  Бұл кімнің мысалы?  Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз.

Ең бірінші мәтіемен танысалық, мен мәнерлеп оқимын, мұқият тыңдаймыз.

 

II асу   Аудару, ТҮСІНУ

 

Мәтінді дұрыс, түсініп жан-жақты талдау жасау үшін біз ең бірінші мәтін не туралы екенін, яғни аудармасын білуіміз керек. Аударма жасау үшін кейбір жаңа сөздермен танысайық.

Тақтадағы жаңа сөздерді есте сақтауға тырысалық.

1). Төбет –

2). әдепті –

3). жомарттық –

4).сараңдық –

5). араздық –

6)майлы сүйек –

7) салды тісті —

—         мұғалімнің оқуы;

—         Енді көрелік қай топ есте сақтады екен?

 

 

мысалды біз үйден оқып келдік сондықтан мысалды аударып, мағынасына үңілейік . Мысалды үйде ара-тұра аударып келу берлігендіктен бұл сендерге ауыр түспейді Сондықтан балалар  іске сәт, мен сендерге 5 минөт уақыт беремін, қай топ дұрыс аударар екен?

—   I топ: I, II ,III, IV шумақты, II топ: 5,6,7,8,9 шумақтың аудармасын оқиды. Қосып, аларлары болса толықтыруға болады.

 

Яғни және Тимур айтып кеткендей, әрбір мысалда автор шешімі болады – түйінді ой болады деді. Енді осы асудың тапсырмасы:

1 топ мәтіндегі түйінді ой-автор шешімін табу;

2 топ жоспар құру;

 

Оқу, түсіндіру

 

 

Сонымен, мысал жолдары бізге ұғынықты болды, олай болса , біз екінші асудан да өттік, бұл асуда 1-ші топ жақсы дайындалғанын көрсетті.

 

 

 

ІІІ Проблемаға шығу: Мәтінді талдау.

СұрақтарМәтіндегі жауап
—          төбеттер нені сөз қылды?

—          Нені қолға алды?

—          Дүниеде артық ен бар екен? (Мойнақ сөзі)

—          Екеуі бірін-біріне не істеді?

—          Олардың жанына не келіп түсті?

—          Көрген соң майлы сүйек ит не істеді

—          Достықтың бұзылуына не себеп болды?

 

Жақсылы пен жамандықты, жомарттық, мырзалық, сараңдық, достық, дұшпандық

Татулық пен араздықты

Таласпай тұрсаң тату, күліп ойнап

 

Сұйіп, құшты

 

Ас үйден лақтырылған бір омыртқа

 

Жүгірісті, салды тісті

 

Майлы сүйек, омыртқа

 

—   Мысалды түсіндік, Мысалды үйден оқып келгендіктен,  талдау сатысына шығамыз.

Топ болып бірігіп отыра мәтінге сюжеттік талдау жасайық. Әрбіреулеріңнің алдарыңда «Мәтін талдау» кестесі жатыр. Қане балар осы кестені тезірек толтырып жіберейік. Сонымен……..

Қане тақтаға шығып топтар кезекпен толтырып жіберейік.

 

Сонымен біз мәтінді түгелдей таладдық, сюжетімен таныстық.Жарайысңдар 3 асудан да өттік

 

Қорытынды асу бойынша

 

 

ІV асу– «Иттің достығы диаграммасымен» жұмыс жасауға жұмылдыру. Автордың не айтпақшы болғанын білдік. Достықтың екі жағы болатынын да білдік Енді осы иттердің досытығы туралы диаграмманы толтырып жіберейікші, бірінші жағы мәтіндегі достықтң белгісі, мәтіндегі қастықтың белгісі, ортасына қорытынды шығарайық (бұл кестені топпен толтырамыз)

 

Тақтаға оқушылар шығып толтырады.

1 топ- достық

2 топ қастық

Әр топтан 1-1 бала қорытынды жасап айтып береді.

Қорытынды асу бойынша

 

 

V  асу — шығармашылық жұмыс. Негізі, шешуші асу

 

Әр топқа деңгейлік тапсырмалары бар қиындылар беріледі. Осы тапсырмаларды тезірек орындап жіберейік. 1деңгей-баламасынтабу, екінші деңгей аймақтық ақын шығыармасымен салыстыру, аудармасын табу, үшінші деңгей  -мақалды толықтыру, аудару.

 

Қорытынды асу бойынша

 

—   Балалар сендер білігіп жұмыс істеп соңғы асудан да өттіңдер, екі топ та өз білімдерін көрсетті, бірақ сендер шыңның басында ғана тұрсыңдар енді білім алауын алу үшін алған бімдерімізді бекітіп, мысал ерекшелігін анықталық.

 

VIІІ асу. Білімдерін бекіту:

 

-Білімімізді бекіту үшін сабақ бойынғы білімдерімізді пайдалана отырып, бүгінгі мысалдың тақырыбын, стилін, көтерген проблемасын,  жанрын анықтайық. Сонымен (сұрақ-жауап)

Шығарманың тақырыбы

 

Көтерілген проблема:

 

Аллегориялық образдар:

 

Шығарманың жанры:

Достық, адалдық

 

Достықтың тазалығы, сайқал болмау, сараң болмау

 

Төрткөз, мойнақ төбет иттер

 

Мысал

 

. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады. Бұл шығармада түйінді ой қай жерінде орналасқан?

—         Мысал бізді неге шақырады?

 

Енді мына кестеге назар аударыңдар,мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік: Оқушылар тақтада кесте толтырады.

1)еңбекқор

2)әдепсіз

3)мейірімді

4)ақылсыз

5)надан

6)дарынды

7)зиялы

8)залым

9)Өз Отанын сүйетін патриот

10)еріншек

11)сауатты

12)білімді

— Сендерден осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.

 

3 кезең. Қорытындылау, бағалау: Уақыт қалса инсерт картасын толтырту!

—         Бүгін сабақта не істедік, неге үйрендік?

—         Балалар, біз бүгін қазақтың қандай белгілі  адамымен таныстық?

—         Біз де осы ғалым атамыздға еліктеп, көп жұмыстар атқардық.

— Сендер біріге жұмыс жасап білім шыңына детіа алауға ие болдыңдар, екі топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!

Енді бүгінгі сабақ барысын нәтиже жасай келе алдарыңдағы инсерт картасын толтырып, маған қткізіңдер.

VІ. Үйге тапсырма:

-Мысалды мәнерлеп оқу, үзіні  жаттау. Жоспар құру.

— Крылов мысалыман салыстыру, айырмашылығы мен үндестігін жазу. Қартқожа романын оқып-танысу.

Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!

Сынып: 9«м»

 

Мұғалімі: Балтекенова Г.Қ