Етістің түрлерін қайталау

Лексикалық тақырып: «Астанаға саяхат»

Грамматикалық тақырып: Етістің түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: етістің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Елордамыз туралы ерекше пікір қалдыру.

Дамытушылығы: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: аралас, қайталау сабақ

 

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.

 

Көрнекілігі: проектор,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, смайликтер, семантикалық карталар.

 

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруі
  • етіс түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы
  • өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ етіс түрлерін жасауы
  • Астана туралы, жалпы Елордамыз туралы түсініктері кеңейеді.

 

Сабақ барысы.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарының түгелдігін тексеріп, сабаққа зейіндерін аударту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекшелеу деп айтуымызға болады. Себебі, бүгін бізде ашық сабақ. Яғни, бүгінгі сабағымызда қонақтар қатысып отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта қысылып-қымтырылмай, жан-жақты білімдерімізді көрсетуге тырысамыз.
  • Сабағымыздың мақсаты мен жоспары тақтады жазылып тұр. Олай болса, танысайық.

 

 

 

Сабақтың міндеті: оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, пысықтау, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту

 

Мына жоспармен жұмыс жасаймыз:

  1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
  2. «Қайталау – білім анасы»
  3. «Кітап – білім бұлағы»
  4. «Сөздік қор қапшығы»
  5. «Артық болмас білгенің»
  6. «Ойлан, тап»
  7. «Біліміңмен жүгір»
  8. «Бойы сергектің – ойы сергек»
  9. «Сиқырлы сандық»

 

Яғни, сабақты тоғыз бөлімге бөлім, әр бөлімге ат қойдық. Әр бөлімнің атына сай тапсырмалары болады, егер барлық тапсырманы орындап шықсаңдар, сиқырлы сандықта өздеріңе арнаған сыйлығымыз бар.

 

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

 

 

 

      

 Интерактивті тақтада берілген сұрақтарға байланысты слайдтар шығарылады.

       Ол – оқушының ойын жүйелі жеткізуіне, өтілген тақырыпты еске түсіруіне көмектеседі.

 

  1. «Қайталау – білім анасы».

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан алған білімдерін тексеру мақсатында семантикалық карта таратылып беріледі.

 

 

Етістер

 

 

Өздік етіс

 

Өзгелік етіс

 

Ырықсыз етіс

 

Ортақ етіс

 

Іс-қимылды адам өзі істейді 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам  іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді

 

   

 

 

+

 

 

 

Етістер

 

 

Өздік етіс

 

Өзгелік етіс

 

Ырықсыз етіс

 

Ортақ етіс

 

-ын/-ін/-н

( жу-ын-ды, ки-ін-ді)

 

        +

 

 

 

 

 

 

 

 

1. -дыр/-дір, -тыр/-   тір,-ыр/-ір/-р

2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз

3. -т

4. -сет

 

 

 

 

            +

 

 

 

 

 

 

1. -ыл/-іл/-л

2. -ын/-ін/-н

(түбірде «л»әрпі болса)

 

 

 

 

 

 

 

          +

 

 

 

 

-ыс/-іс/-с

(жаз-ыс-ты)

 

   

 

             +

 

 

 

 

 

Қосымша:

       -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес     жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді.

( ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т. б.)

      — лын, -лін, -ныл, -ніл  жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді.

( алма же-лін-ді, жоқ ізде-лін-ді)

      — лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді.

(әуре-лен, қату-лан, шат-тан, ашу-лан, мейір-лен, тамақ-тан, әл-ден)

     -ырқан, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді.

 (аш-ырқан, шім-іркен, аз-сын, көп-сін)

        

  Аз уақыт ішінде Астана қаласында жаңадан салынған сәулетті ғимараттарға таңырқанбаған жан жоқ.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

  • тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру
  • жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру
  • жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту

 

  1. «Кітап – білім бұлағы »

    Мәтінді оқу-аудару

Жаңа сөздер мен сөз тіркестері: әуежай — аэропорт,  самал соғып тұр – дует легкий ветерок, саяси қуғын көрген адамдар.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Миға шабуыл: «Астана — кеше және бүгін» бейнеролигін көрсету

Бүгінгі тақырыбымыз «Астанаға саяхат»  деп аталады. Алдымен, оқулықтың  62-бетіндегі  мәтінді  оқып, кіріспе жасайық. Енді  мәтінді  аударып, талдау жасаймыз, яғни  мәтін  не жайында? 

   Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самалы  соғып тұр. Әуежай жақтан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол – саяси қуғын көрген адамдарға арналған ескерткіш. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.

   Қала Есіл өзенін бойлай орналасқан. Өзеннің қаланың қақ ортасымен өтуі де өзгеше әсемдік сыйлағандай. Зәулім үйлер мен көркі көздің жауын алатын әсем де, көркем ғимараттар көптеп салынған.

Көркейген Астана көз қуантады.

Дарынды балалармен жұмыс: Қазақ тарихындағы астаналардың ауысу реті мен кезеңдерін ата. Оларды қатыстырып сөйлем  құра. 

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: Астана, Алматы қалалары  туралы не білесіңдер? Суретке қарап әңгімелеңдер.

 

Тақырып материалдарына байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

 

 

Тақырыпты пысықтау:

  1. Астана қандай қала?
  2. Кешегі және бүгінгі Астана туралы не айта алатын едіңдер?
  3. Астана қаласының қандай стратегиялық маңызы бар?
  4. Елорданың ертеңін қалай елестетесіңдер?

 

 

 

4.«Сөздік қор қапшығы»

 

       Жаңа сөздермен жұмыс.

       * жаңа сөздермен таныстыру;

       * жаңа сөздердің жазылуын есте сақтай отырып, сөздік дәптерлеріне жаздырту; 

       * қазақ тіліне тән дыбыстарға мән бере отырып, ауызша қайталату.

 

Жұмыстың мұндай түрі —  оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады.

 

 

Сөздік:

Әуежай -аэропорт

самал — ветерок

гүл шоқтары — букеты

өзгеше әсемдік — особенная красота

зәулім үйлер — высотные дома

ғимарат — здание

 

5.«Артық болмас білгенің»

Қазақстанның астанасы болған қалалар

 

«Артық болмас білгенің» аялдамасында Қазақстанның бұрынғы  астаналары туралы сөз қозғайтын боламыз.

Сонымен, Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1917-1920 жылдары Семей қаласы (ол кезде Алаш-қала) болды.

1920 жылдан кейін Қырғыз АССР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді.

1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына ауысып, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді.

 

1929 жылы астана тағы да өзгеріп, бұл жолы таңдау Алма-Ата қаласына түсті. 1936 жылы Қазақ АССР-ы РКФСР құрамынан бөлініп, Қазақ ССР-ы болып қайта құрылды.

Осылайша Алма-Ата қаласы 1929-1936 жылдары Қазақ АССР-ының, 1936-1991 жылдары Қазақ ССР-ының, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда қала аты Алматы деп көрсетіліп, оның ел астанасы екендігі айтылған. Алма-Атаның Алматы болып өзгеруі осы құжаттан бастау алады.

1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті. 

 

 

 

 

  1. «Ойлан, тап»

Оқушыларға слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп, түрткі болатын сұрақтар қойылады. Әр топ бірлескен жұмыс атқарады, дұрыс жауаптар смайликтер арқылы бағаланады.

Оқушылардың мақсаты – Астана қаласының көрікті жерлері мен олардың тарихы туралы білгендерін баяндайды.

 

  1. «Біліміңмен жүгір»

«Автобус аялдамасы» әдісі

Алған білімді еске түсіру мақсатында, жаңа тақырып Астана қаласына байланысты етіс түрлерін қолдана отырып, мысалдар келтіреміз. Әр топ өз білгенін жазып толықтырады.

          Тақырып  материалдарына байланысты, оқушыларға кеспе қағаздар таратылып беріледі.

Тапсырманы ауызша және жазбаша орындайды.

  1. Етіс түрлерін жасау;
  2. Етіс түріне қарай ережесін айту;
  3. Етістерді қатыстырып мысалдар келтіру.

 

 

 

р/с

 

Түрі

 

Ереже

 

Жұрнақтары

 

Мысалы:

 

1

 

Өздік етіс

 

Іс-қимылды адам өзі істейді

 

-ын/-ін/-н

 

   Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды
2Өзгелік етісАдам  іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады

 

1. -дыр/-дір, -тыр/-   тір,-ыр/-ір/-р

2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз

3. -т

4. -сет

  ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін
3Ырықсыз етісІс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді

 

1. -ыл/-іл/-л

2. -ын/-ін/-н

(түбірде «л»әрпі болса)

Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.
4Ортақ етіс

 

Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді

 

-ыс/-іс/-с

(жаз-ыс-ты)

 

Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты.

 

  1. «Бойы сергектің – ойы сергек». Анаграмма шешу. «Астана»
  2. Орналасқан бас қала

    …… деп аталады бұл дала?   (Сарыарқа)

  1. Астананы қақ жарып ол ағады

      Ақындары жырға қосып жазады? (Есіл)

  1. Астананың белгісіне айналған,

     Сұлулығы теңдесі жоқ, керемет,

    Елорданы айтсақ егер бірденнен,

    Еске түсер алып ағаш ….                (бәйтерек)

   

  1. Кемеңгері қазағымның  данасы,

     Даналықпен басқаратын елбасы? (Назарбаев)

 

  1. Кезінде ол болған қазақ астанасы,

      Қазір болса Ресейдің ол бір қаласы…  (Орынбор)

 

  1. Көне шаһар аталған ғой, ….

      Білер ме екен ол атауды көп бала?      (Ақмола)

      

  

 

А      
 

 

С   
    

 

Т      
  

 

А       
 

 

   Н    
 

 

 А     

 

 

 

Анаграмма « Астана»

 

 

 

САрыарқа

 

ЕС

 

іл 
 

 

БәйТерек 
 

 

НАзарбаев
 

 

ОрыНбор 
 

 

 

Ақмол
а
 
  1. «Сиқырлы сандық» .

—  Ал, балалар, әне-міне дегенше, сиқырлы сандыққа да келіп жеттік.

     Сандықты  ашып көрелік, онда не бар екен?

Интерактивті тақтада оқушыларға арналған жұмбақ тұрады, яғни,  үнсіз фильм,  жұмбақтың жауабын өз сөзімен жеткізген оқушылар бағаланады.

 

Оқушыларды бағалау:

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою.

«Алма ағашы» әдісі арқылы өзара бағалау мен өзін-өзі  бағалауды жүргізу

 

«БББ» кестесі арқылы кері байланыс алу.

Үйге тапсырма:

                                                                 Ереже жаттау, мысалдар келтіру

             «Астана — Болашақтың қаласы» тақырыбына эссе

  • Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сабақ аяқталды,

Сау болыңыздар!