Көнерген сөздер

240

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көнерген сөздер туралы алған білімдерін тиянақтау, пысықтау.Тарихи сөздер мен архаизмдердің айырмашылығын білдіру.

Дамытушылық: қызықты грамматикалық ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Жеке тұлғаның өз бетінше жұмыс жасауына ықпал ете отырып, олардың білім-білік деңгейін ,

ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қасиетті ана тілімізді құрметтеуге, оның абыройын асқақтатып, асыл қазына ретінде бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі:  саяхат  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Ата» ауылы

1.«Базарға бару» ойыны. Ойын шарты бойынша сұрақтарға  дұрыс  жауап берген оқушыларға сыйлықтар беріледі. (Домбыра, қамшы, киіз үй …)

1.Көнерген сөздер дегеніміз не?

2.Тарихи сөздер дегеніміз не?

3.Архаизмдер дегеніміз не?

2.Жаттығу жұмысының орындалуын тексеру.

158-жаттығу

  • Суреттер топтамасындағы 25-суретте кімнің, қандай ұлттық киімдері бейнеленген деп ойлайсыңдар?
  • Тағы қандай ұлттық киім атауларын білесіңдер? Осы атаулар сөздік құрамның қай тармағына жатады?
  • Олардың әрқайсысын сипаттап жазыңдар.

 

3.«Әке» ауылы 

«Өз үйіме сал»  ойыны

Қима қағаздарға жазылған тарихи сөздер мен архаизмдерді ажыратып «өз үйіне» салу.

Тарихи сөздер: ханзада, күң,  берен, кіреуке, шоқпар.

Архаизмдер: күләпара,  торсық, саптыаяқ, шидем, абажа, биқасап, жарыс қазан, жарғақ.

Берен – болаттан жасалған батырлар киімі.

Кіреуке — жейде түрінде жасалған, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген торлы сауыт.

Торсық – түйенің,  өгіздің мойын терісінен жасалатын сусын құюға арналған ыдыс.

Саптыаяқ – ағаштан жасалған ыдыс.

Абажа — ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі.

«Бала» ауылы

«Кітап- досың, ақылшың» Оқулықпен жұмыс

157-жаттығу

  • Мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын теріп жазу. Олардың ішіндегі көнерген атаулардың астын сызу.
  • Ұлттық әшекей бұйымдары деген не? Олардың суреттерін салу.

Тақтамен жұмыс:

Ұлттық киімдер: ақ шәйі көйлек, қызыл масаты бешпет, әмірхан мәсі, құндыз бөрік.

Ұлттық әшекей бұйымдар: күміс шашбау, үкі, тана-түйме, алқа, сақина, білезік.

«Немере» ауылы

«Білгенге маржан»

Жақұт – көк, жасыл, қызғылт түсті қымбат бағалы асыл тас.

Масаты – жұмсақ түкті, жібек мата, барқыт.

Бешпет – кеудеге киетін астарлы жеңіл сырт киім.

Әміркен – жылтыр жұқа былғары.

Мәсі – жұқа былғарыдан тігілген, кебіспен киетін, өкшесіз, қонышты аяқ киім.

Құндыз – өзен-көлде тіршілік ететін терісі өте бағалы аң.

Тана – ақықтан, күмістен жасалған әйелдер киіміне тағатын түйме.

Слайдтан ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдардың суреті көрсетіледі.

«Шөбере» ауылы

  2.159-жаттығу

Аңыз-әңгімелерден, ертегілерден, батырлар жырынан оқыған қандай ел қорғаған батырлардың есімдерін білесіңдер? Санамалап айтыңдар.

Шығармашылық тапсырма

Суреттер топтамасындағы 28-суретке қарай отырып, өздерің қалаған батыр туралы әңгіме құрастырыңдар. Оған батырлар ұстаған қару-жарақтар мен сауыт-саймандарды атауларын кірістіруді ескеріңдер. Сол сөзді тарихи сөздерге жатқызуға бола ма? Болса, оның қай түріне қатысты деп ойлайсыңдар?

 

«Шөпшек» ауылы

«Эстафета» ойыны

Оқушылар берілген тақырып бойынша тізбектеп бір-екі сөйлемнен параққа жазып шығып, мәтін құрайды. Топ басшысы тақтаға  шығып мәтінді оқиды.

3.160-жаттығу

«Түртіп алу» стратегиясы

Мәтінді оқып тұрамын оқушылар мәтін ішінен тарихи сөздерді теріп жазып отырады.

Тарихи сөз: хан.

Архаизмдер: хан көтеру, құрбандық, бозқасқа, ақсарбас.

4.161-жаттығу

Мәтінді тізбектеп оқу.

Мәтіндегі адам есімдері таныс па? Олар туралы не білесіңдер?

Мәтіннен көнерген сөздерді тауып жазып, олардың мағынасын сөздіктен қарап анықтау.

Хан, орда, тақсыр, естірту, қаһан, қылыш, балдақ.

Орда- үлкен, еңселі үй

Тақсыр – мәртебесі жоғары адамға айтылатын қаратпа сөз.

Естірту –  қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі.

Қылыш – болаттан істелген, өткір жүзді, тұтқалы имек қару.

Балдақ – қылыштың сағағын бекітіп тұратын сақина.

VІІ Сабақты  бекіту

«Немене» ауылы

«Венн диаграммасы»

Тарихи сөздер                                                               Архаизмдер

 

 

 

 

 

VІІІ Сабақты  қорытындылау

Не білдім?  Неге үйрендім?

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасы:162-163-жаттығулар