Киім және аяқ киім

Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім

Мақсаты: Өткен тақырыппен байланыстырып, меңгерген білімін қайталау. Киімдерді дұрыс айтуға қалыптастыру.

Білімділік:

  1. Киім тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Киім туралы білімдерін кеңейту
  2. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге машықтандыру.

Тәрбиелік:

  1. Әдемі, таза киіну әдеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
  2. Қазақ тілінге қызығушылыққа баулу.

Дамытушылық:

  1. Сөздік қорды молайту арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу.
  2. Білетін сөздерді бекіту, күнделікті сөйлесуде қолдана білу.
  3. Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,ө,ү,ұ,қ,ғ,і,ң,һ) дұрыс айтуға жаттықтыру.

Сөздік жұмысы: көйлек, жейде, шалбар, бәтеңке, етік, мәсі, құлақшын, тымақ, қолғап, тон, шәлі, орамал, қамзол, сәукеле, бөрік, күртеше.

Көрнекіліктер: үлестірме карточкалар, сандық, киім түрлерінің суреттері, слаидтар, қуыршақтар, косымша материалдар.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, бекіту, ойын-жаттығулар орындату.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

 Ата-дәстүр салтына.

 

  1. Балаларды түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз.

— Бүгінгі сабағымыз бастан аяғына дейін «Қуыршақтарды құтқару» ойынына арналады. Жаймашуақ ашық күнде қуыршақтар қыдырып жүргенде, оларды үлкен аю ұрлап әкетеді.

(қуыршақтарды садықтын ішіне жасыру)

  • Енді, біз қуыршақтарға көмектесейік.
  • Үлкен аю болды қауіпті,

Әкетіп жүр қуыршақтарды.

  • Үлкен аю бізге қобдишаны беріп жіберіпті.

Ішінде хат бар, хаттың саны неше қуыршақ болса, сонша тапсырмасы бар екен.

(Балаларға қобдишаның ішінен тапсырманы алып шығып, оқу)

  • Егер, осы тапсырмаларды орындасақ, ол қуыршақтарды бір- бірдеп жемей қоя береді.
  • Ал орындай алмасақ, қуыршақтарды жеп қояды. Сондықтан, біз тырысуымыз керек.
  • Балалар, қуыршақтарды құтқарамыз ба?
  • Олай болса, бастайық.

1-тапсырма. «Кім жаңылыспайды» ойыны.

 1-ден 10-ға дейін тура санау және кері санау.

1,2,3,4, одан кейін бес дейміз

6,7,8,9. Санап толық бітпейміз.

Тура санау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

  • Оннан қайта кері санап бірге дейін жетеміз
  • Жарайсыңдар, балалар. Аю бір қуыршақты босатты.

Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдік,

 Төменге қарап жер көрдік.

 Оңға, солға бұрылып,

 Егеменді ел көрдік.

2-тапсырма. «Жұмбақ – сурет» ойыны.

«Жұмбақ суретте», бүгінгі мақал жасырылған соны тауып алындар.

(бірінші қатарда: 1- сурет. Адамның суреті және 2 — сурет. Матадан пішкен киімнің суреті;

Екінші қатарда: 1- сурет. Ағаш және 2-сурет . Түрлі түсті жапырақтар.

 

  • Дұрыс. Адам көркі — шүберек, ағаш көрк і- жапырақ.

(Аю бір қуыршақты босатады)

  • 3-тапсырманы орындайық. «Кірпіш» ойыны.

(Бұл ойынға үш бала тақтаға шығады.)

  • Мен сендерге бірнеше сөздерді орысша айтамын, сендер ол сөздің қазақша аудармасын айтасындар.
  • Бастайық. (10 сөз өткен тақырыптардан)

(Мысалы: дедушка, семья, ножницы, ручка, синий, петух, узор, иголка, учитель, певица, строитель, дом, школа)

  • Өте жақсы. Аю тағы бір қуыршақты босатты.
  • Келесі, 4-тапсырманы орындайық.

«Киім мен аяқ киімдері» ойыны.

(1-сурет. «Қысқы және жазғы киімдер суреті»; 2-сурет. «Қазақ халқының ұлттық киімдері».)

  • Суреттер бойынша киімдері атап шық.
  • Бәрекелді балалар, бұл тапсырманы жақсы орындап шықтық. Сол үшін аю тағы бір қуыршақты босатты.

Сергіту сәті: Топ-топ, топ-топ басайық,

 Жалаудан күн жасайық!

 Жаса, жаса, алтын күн,

 Жаса , жаса, жарқын күн!

  • Өте жақсы балалар. Келесі 5-ші тапсырманы орындайық. «Кім тапқыр» ойыны.
  • Бұл ойында біз дүкеншілерге көмектесуіміз керек. Бір дүкенші «Киімдер дүкенінен», ал екінші дүкенші «Аяқ киім» дүкенінен. Олардың киімдері араласып кетіпті. Біз әр дүкеннің затын орнына орналастыруымыз керек.
  • Ол үшін бір бала орталарыңнан шығып, тапсырманы бұлжытпай орындау тиіс.
  • Жарайсыңдар, балалар! Аю тағы бір қуыршақты босатты.
  • Келесі тапсырманы тездетіп орындайық. Соңғы қуыршағымыз жалғыз қорықып қалар.
  • 6 – тапсырма. «Суретші» ойыны. Тақияның суретін бояу.

(Балалардың ішінен кімде-кім тез орындап шықса ондай балаларға слаид тапсырмаларын ұсынуға болады интерактив тақтаның қасында)

Мысалы мынандай:

1 слайд

 

2 слайд

 

3 слайд

4 слайд

 

5 слайд

 

  • Сонымен біз, соңғы қуыршаққа көмектестік.
  • Жарайсыңдар. Бәрің де.
  • Үлкен аю қорқатын болады сендерден. Себебі, сендер өте ақылды, білімді, тиянақты балаларсындар.
  • Бүгін сабақта, өте жақсы жұмыс істедіңдер. Сол үшін, барлықтарыңа, үлкен «Күннің» суретін беремін. Сендерде осы күн сияқты әрдайым жарқырап жүріңдер.

Соңғы сергіту сәтінде балалар «Қара жорға биін билейді».

  • Келген қонақтарды да ортаға шақырамыз.
  • Назарларыңызға рахмет ! Сау болыңыздар!