Л дыбысы және әрпі.

  28.Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы және әрпі.

 Сабақтың мақсаты: 1. Лл дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Ой-өрісін, тілін   дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Өткен сабақта алған білімін еске түсір-Р дыбысы қандай дыбыс? -р дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?-Р әрпіне берілген сөздерді оқыту.

ІҮ. Жаңа сабақ— Үй жануарларын ата, олардың қандай пайдасы бар?-Үй жануарларының төлдері не деп аталады?

Сиыр                            бұзау

Қой                     қозы.

Жылқы               құлын

Ешкі                   лақ

-Лақ сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?Л дыбысын дауыстап 3 рет айтайық:ә )Л дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. б)  Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.  Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді бекіту. . -Біз қандай дыбыс және әріпен таныстық?-Л қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады?

ҮІ. Жаңа білімді бекітуЛ дыбысына сөз ойлату. Буындық және дыбыстық талдау жасату.Ла бынына қатысты сөз ойлап, сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс. Л л ла           ала лақ

Диктант: ара, ана,апа,ала аға ата өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?