Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы

58

Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы

    қ,к, п дыбыстарына  аяқталатын  зат есімдерге  тәуелдік жалғау  жалғанғанда, бұл дыбыстардың  ұяңдап кететіндігі және  солай жазылатындығы ІІІ жақтағы  тәуелдеулі тұлғасын беру арқылы көрсетіледі: топырағы; ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылығы; күрек, күрегі; сап, сабы; ( күректің сабы), талап, талабы; сөз соңындағы  қ, к, п  дыбыстарының өзгермей  жазылатын тұстары да беріледі: тарих, тарихы;цех, цехы; сап, сапы; ( еңбек сабында),тип, типі; микроскоп, микроскопы;

  н дыбысына аяқталатын  зат есімдердің барыс жалғауы тұлғасы беріліп, сол арқылы сөздің дыбысталуындағы  кейінді ықпал заңының  (н дыбысының ң болып айтылуының ) жазуда ескерілмейтіндігі көрсетіледі, мысалы: алақан, алақанға;ән, әнге; қақпан, қақпанға.

  -ист  жұрнағымен  келген орыс тілінен енген сөздер  мен халық атауларының  көпше тұлғасы көрсетіледі: материалист, материалистер; абхаз,   абхаздар; қырғыз, қырғыздар; 

Соңғы буындар р, л, й, у үнді дыбыстарынан басталатын сөздердегі қысаң ы, і дыбыстарының  түсіріліп, не түсірілмей жазылатындығы   тәуелдіктің ІІІ жақ тұлғасы арқылы  көрсетіледі: е- рін, ерні; мұ-рын; мұрны; да-уыл, дауылы; қа-уын, қауыны; аға-йын, ағайыны; бе-йім, бейімі; пе-йіл, пейілі; баста-уыш, бастауышы т.б .; ауыл, дауыс сияқты бірен – саран  сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың айтылу ыңғайына қарай ы, і әріптерінің түсіріліп  те, түсірілмей  де  жазылатындығы ескеріледі, олар ауыл аулы және ауылы; дауыс, даусы және дауысы деп көрсетіледі.

Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі  қосымшаларының  жалғануы былайша беріледі:

а) қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы екіұшты  болып келетін  және соңғы буында и, у, ё ( ио )дауыстары бар  сөздердің түрленуі  арнайы көрсетіледі: конус, конусқа, конусы; шахтёр, шахтёрге, шахтёрі;

ә) ог, уг және аль, уль, ель, оид, арь, ерь, ий   дыбыстар тізбегіне  бітетін  сөздерге қазақ тілі  қосымшаларының жалғануы: педагог, педагогке, педагогі; округ, округке, округі; медаль, медальға, медалі; санаторий, санаторийге, санаторийі;

б) нг, ск, кс, нк, кт, нкт, дж, фт, пт, кль, бль, мб, рг, рк, вт, рв, мн, зд, рд, ст  тәрізді дауыссыз дыбыстар тізбегіне, сонымен қатар лл, мм, сс, тт,  сияқты қосарлы дауыссыздарға  аяқталатын  сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен өзгеруі көрсетіледі. Мысалы: митинг, митингіге, митингісі; киоск, киоскіге, киоскісі, бокс, бокске, боксі, спектакль, спектакльге, спектаклі; металл, металға, металы; грамм, грамға, грамы; процесс, процеске, процестер;

в) соңғы буында и дыбысы бар сөздердің барыс жалғаулы, ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы түрі:  абразив, абразивке, абразиві; такси, таксиге, таксиі;