Шылау сөздердің жазылуы

48

Шылау сөздердің жазылуы

Шылау сөздер төмендегіше жазылады:

а) шылаулар,негізінде,бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан кейін,жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?

ә) -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис(-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Сен-ақ, келмейді-ау, әдемісін-ай, барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді;

б) ма(ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында қолданылғанда мы, мі, пы, пі, бы, бі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады. Мысалы: Келемісің?  Айтыппысың?  Сұлтанбысың?