Нақыл сөздер/цитаты

  1. Білген адам өкінбейді, мейірман адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды.Конфуций
  2. Мен ұлы мұхиттың жағалауында бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын. Таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауымен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама.

И. Ньютон

  1. Білімсіздік — ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл – ойды ағартуды ойласаңыздар екен. В. Гюго.
  2. Нағыз бақ еңбекке бітеді, өмір үйретіп данышпан етеді. Ақылым – атам, білімім – бабам. Киікбай би.
  3. Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл – ой жұмыстары да адамға сондай әсер етеді.  В. Гумбольд
  4. Сұм өмір абақты ғой саналыға. М. Жұмабаев
  5. Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі, тәжірбие жолы – ең ащы жол, екіншісі, ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшіншісі, ойлау жолы – ең таза жол. Қытай мақалы.
  6. Тоғышарлық – ақылдың түні, айсыз және жұлдызсыз түн. Цицерон
  7. Қайғысыз — адамды сүйе білуге, адаспай — білімдар болуға, қорықпай — батырлыққа жетуге болмайды. Конфуций
  8. Басқаны даттап, өзін мақтап тұрған адамға ешқашан сенбеңіз.

А. Н. Толстой

  1. Өзіне өзі ғашық болу — адамның үлкен соры, бұл ең алдымен өзімшілдікті, күншілдікті туғызады. М. Әуезов
  2. Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы. С. Смайлс
  3. Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Р. Роллан
  4. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов
  5. Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсе ашуға қабілетті болу деген ұғым. Әл – Фараби
  6. Кітап — ақылыңа ақы сұрамайтын алтын қазына. Ә. Науаи
  7. Ұлым, саған қалдырам жақсы кеңес – мұраны:

Білімдіге кез келсең – үлгі тұтып тұр оны.

Күнде барып біліп ал білімін де, бабын да.

Өр мінезді тастағын, оған қатты табын да. М.  Қашқари

  1. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. Жұбанов
  2. Ер – атымен, құс- қанатымен. М. Қашқари

20.Тәрбиелі — тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің құлы. Б.Момышұлы

  1. Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім…

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. С.Торайғыров

  1. Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.   Ә.Тәжібаев

  1. Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас. Б.Сарноғаев

  1. Тәрбие басы-тіл,

Өнер алды-тіл.  М.  Қашқари

  1. Жастық өз уақытын білмейді. Р.Хорезми
  2. Минут ұрыс тағдырын шешеді.

Сағат шайқас тағдырын шешеді.

Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. А.С.Суворов

27.Жер жайын жортқан біледі,

Мал жайын баққан біледі.             Ғ. Мұстафин

28.Жоғары қарап оқ атпа,

Өзіңнің түсер қасыңа. Ы. Алтынсарин

  1. Өнер-білім- бәрі де,

Оқуменен табылған.  Ы. Алтынсарин

  1. Қол батыр болмай, жүрек батыр болмас.М.Әуезов

31.Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген  адамды сауатты,

мәдениетті деуге болмайды.Мұхтар Әуезов

32.Сегіз қырлы, бір сырлы. А.Құнанбаев

  1. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

      А.Құнанбаев

  1. Анық түсініктілік- сөйлеудің басты қасиеті.

Ақылы келте адамның, әдетте,тілі тым ұзын болады.

      Аристотель 

  1. Шешендік- адамның көркі. Гораций
  2. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. Ж.Баласағұн

  1. Көп біліп, аз сөйлеген-шешен,

Аз біліп,көп сөйлеген – мылжың. З. Қабдолов