Қазақ тілінің сөз байлығы

Сабақтың  тақырыбы:   Қазақ   тілінің сөз  байлығы. 10 «А» сынып

Сабақтың  мақсаты:  Жаңаның  жыршысы, шешендік  шеберлікпен  қаруланған, келешек  ұрпаққа  тарихи  мұра , рухани  азық  қалдырған  ғасыр  ақыны,  дара  тұлға  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармаларын  талдай отырып  қазақ  тілінің  сөз байлығының  ерекшеліктерін  анықтау.

Сабақтың міндеттері: 1.Қазақ  тілінің сөз байлығы жағынан өзге тілдерден озықтығын  дәлелді түрде сараптайды. 2. Оралымды  тілге қойылар талаптарды, сөз мағынасының қыр — сырын,  сөздердің ойға  қосар реңктерін  ашады.3.  Аталмыш коммуникациялық сапаның шынайы құбылыс екендігіне  көз  жеткізеді.

Сабақтың  мақсаты:  Жаңаның  жыршысы, шешендік шеберлікпен қаруланған, келешек  ұрпаққа  тарихи  мұра , рухани  азық  қалдырған  ғасыр  ақыны,  дара  тұлға  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармаларын  талдай отырып  қазақ  тілінің  сөз байлығының ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың  түрі:  ізденіс сабақ

Сабақтың  типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың  әдісі: СТО стратегиялары.  (топтастыру, ЕТК, Эссе)

Пәнаралық байланыс:  әдебиет

Сабақтың  көрнекілігі: кесте карталары, суреттер, интерактивтік тақта слайдтар т.б.

  • Құрметті оқушылар бүгін  біз    «Қазақ   тілінің сөз  байлығымен »  танысамыз.  Сабағымызды   Мұқағали  Мақатаевтың   шығармашылығымен  байланыстырып  өтеміз.

Жаңаның  жыршысы,  шешендік  шеберлікпен  қаруланған, келешек  ұрпаққа  тарихи  мұра , рухани  азық  қалдырған  ғасыр  ақыны,  дара  тұлға  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармаларын  талдай отырып  қазақ  тілінің  сөз байлығын  қарастырып, көзімізді  жеткізейік.

І. Ой  қозғау.  Топтастыру стратегиясы.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

Сөз  байлығы деген  не?

мақал-мәтелдер

шешендік  сөздер                                                сөз сапасы

 

 

 

сөз дұрыстығы

 

 

сөз тазалығы                      сөз әдебі                       ақын, жазушы  шығармалары

 

ғасыр ақыны

«Қайран, Қарасазым -ай »                                           «Аққулар  ұйықтағанда»

өлеңі                                                                                 поэмасы

 

 

Алматы облысы,                                                                                     «Жырлайды жүрек

Нарыңқол ауданына                                                                                                              жинағы

қарасты Қарасаз

ауылында туған

шығармалары                                                        «Өмір дастаны» жинағы

сөзге бай                 Жаңаның жыршысы

 

Мұқағали  Мақатаевтың  бір  өлеңін оқу.

Мағынаны ашу.  Сіздерге Мұқағалидың  шығармаларынан  алынған  мәтіндерден үзінді беріледі.

Бірінші топ. Мұқағали  афоризмдері.

Екінші  топ. Мұқағалидың  өлеңдері.

Үшінші топ.  Мұқағалидың  «Әже»  әңгімесінен үзінді

ЕТК.  І топ

Мәтіннен алынған  үзіндіТүсінік
Адамның  ғұмырынан  қысқа  не бар,

Күн  еңкейсе болғаны, кеш  кіреді.

Бұл  үзіндіге түсінік беретін болсақ  адам өмірі  өлшеулі,  мәңгілік  жасамайды,  жас шамасы  келгеннен соң,  қартаяды деген  ұғымды  білдіреді.

Тілімізде  «Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр»  деген  мәтел бар.

 

 

Тау  бұлағы  да  ағады,

Ой  бұлағы да ағады.

Мұнда  «тау бұлағы»  — тура мағынада айтылып тұр.

«Ой  бұлағы  ауыспалы мағынада». Адам ойы қиырсыз,  қиялмен  қиырға  барар шексіз деген мағынада.

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең  табарсың,

Қанша ұзақ болғанмен,

Жүре берсең табарсың.  Деген мақалмен аяқтағым келіп отыр.

Шындық  көзге  шұқиды қашаннан да,

Ар – ақиқат үкімі жасалғанда.

Мұнда  шындық, ақиқат  синоним сөздер.

«Шындық көзге шұқиды»  тіркесі  ауыспалы мағынада  айтылып  тұр.

Бал  тамған өтіріктен, қан тамған шындық артық  дегендей , шындықты айту қашанда дұрыс.

 

ІІ. топ

Мәтіннен алынған  үзіндіТүсінік
Өкінбен, мұнайман  да , өксімеймін,

Өмірім,  осылай – ақ  өшті мейлің.

Алайда, аласапыран тіршіліктің,

Алдында  күресе алмай тек сілейдім!

Өкінбеу, мұңаймау, өксімеу лексикалық синонимдер қатарын  түзе отырып, сатылы көріністі көз алдыңа келтіреді. Бұл  шумақта адамның сезімдері  үш құбылысты қамтиды.Алдымен өкіну, одан соң   мұңаю, өксу. Ақынның сөз саптау шеберлігінің өзі  — әр сөздің мағыналық  деңгейін  реңктік  деңгейіне қарай сараптай білуі.
Күнін көріп жүргем жоқ жетім құлдың,

Бірақта не бітірдім, не тындырдым.

Шөп  жинаған ініне суырдайын,

Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.

«Не  бітірдім, не  тындырдым»  синонимдік  айырым  белгілері.

«Шөп жинаған ініне суырдайын»  деп салыстыру  арқылы  тіршілік  қамын ойлайтынын көрсетеді.

 

Не пайда  күрсінгеннен , өкінгеннен,

Не пайда дәтке  қуат бекінгеннен,

Алайда емханада көз жұмғаннан,

Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген

 

 

«күрсіну, өкіну»  сатылы  синонимдер, синонимдердің айырым  белгілерін заттық  атаулар  ұғымымен қатар, әрекеттік ұғымды білдіретін сөздерден де тізбек арқылы ажыратуға болады. Келтірілген мысалдардағы ерекшеленген етістіктер  бір  мезгілде  жүзеге  асатын әрекеттер  емес, өз  кезегі мен ретін күтуге тиісті құбылыстар. Мағына жағына келетін болсақ, бұл жерде ақынның  патриоттық  сезімі, ешкімге қажетсіз боп өмір сүргеннен халқыңның қажетіне жарап өлуді артық санайтынын байқаймыз.

 

ІІІ топ                                                         «Әже»

Бір күні студент кезімде,  Алматыда, Максим Горький  көшесіндегі универмагтан  плащ алғалы  барып, күтпеген  жерден  ауылдың  екі адамына кездесіп  қалдым.Сәлемдесіп  болғаннан соң сөзуар, пысықтау біреуі:

  • Е, шырағым,  өлмейтін өмір, сынбайтын  темір жоқ. Әжеңді  атандырдың бұл өмірден. Жасын өзіңе  берсін, —  дегенде, қойныма жылан кіріп кеткендей денем суып  сала берді.

Не  дерімді  білмей сәл кідірдім де, теріс айналып шыға  жөнелдім. Аяқ  астынан естіген оқыс суық  хабарға  нанарымды, нанбасымды білмей  жатақханаға  жетсем,  жолдастарым  да  әдеттегідей   емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. Мәселенің  растығына көзім жетті. Ішім  езіліп барады. Сылқ  етіп  төсегіме құладым  да,  жастықты  қаба тістеп, егіле  бердім,  егіле бердім.

Кім еді, қандай жан еді менің   сүйкімді  ғазиз әжем?

 

Мәтіннен алынған  үзіндіТүсінік
-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір жоқ.Өлмейтін  өмір, сынбайтын темір –

афоризмдер

Жасын өзіңе берсін, —  дегенде, қойныма  жылан кіріп кеткендей денем суып сала берді.Қойныма жылан кіріп кеткендей –

тұрақты тіркес  (суық  дегенді  білдіреді).

Аяқ  астынан естіген оқыс суық  хабарға  нанарымды, нанбасымды білмей  жатақханаға жетсем, жолдастарым  да  әдеттегідей   емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр.Суық  хабар  тұрақты тіркес

Төреше қарсы алу – фразеологизм

 

Сылқ  етіп  төсегіме құладым  да,  жастықты  қаба тістеп, егіле  бердім,  егіле бердім.

 

жастықты  қаба тістеп,

егіле  бердім –  өкіну. Адамның  мұңаю, қайғырудағы бейнесі.

 

Мұқағали Мақатаевтың  шығармаларынан қандай сөз байлығын кездестірдік?

ІІІ Ой  толғаныс. Эссе. Сыр толғау. Бәріміздің  аналарымыз, әжелеріміз бар, осы ардақты,  мейірімді,  жанға  жақын  жандар  туралы сөз байлығын  қолдана  отырып ой толғау ретінде,  өз сүйіспеншіліктеріңізді  қағаз бетіне  түсірсеңіздер  деймін. Ендеше  «… Ақ кимешек көрінсе…»  деген тақырыпта сыр толғау жазсақ.

2-3 оқушы өз сыр  толғауларын оқып береді.

— Мінекей өте тамаша, сіздердің  рұқсаттарыңызбен осы  жұмыстарыңызды  конвертке салып   қойсақ  деймін. 8 науырыз  аналардың  мейрамында жиналыста оқып береміз.

Сіздермен  Мұқағали Мақатаевтың  шығармаларындағы сөз байлығын  қарастырып шықтық. Ақын өз көзқарасын лирикалық өлеңдері мен поэмаларында шұрайлы тілдік оралымдармен жеткізе білген. Әсіресе синонимдердің жарыса  келіп, ой қайталауы емес, айтылар ойды сан алуан қырынан айшықтайтын қызметте жұмсалуы ақынның тіл байлығын меңгеру мүмкіндігінің молдығын көрсетеді. Енді осы сөз байлығының басқа да шығармаларда  кең,  ауқымды  қолданылғанын слайдтар  арқылы көрейік.

Слайдтар.

  • слайд. Мұхтар Әуезовтың  «Абай жолы»  роман – эпопеясында 3000 түр –түс атауы қолданылған, оның  700 –і ақ түстің баламалары. Бұдан басқа романда 756 елді мекен аты, 216 шөп аты, 50 ер – тұрман атауы пайдаланылған. Эпопеяда 500 – ден астам кейіпкер қатысқан.
  • слайд. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен терінде»  «теңіз бетіндегі толқын» ұғымының 40- тан астам баламасы бар. Мысалы еруіл толқындар, ирек толқындар, көк толқындар, жал –жал толқындар  т.б.
  • слайд. Қазақ тілінде  «жылқы»  сөзінің  80 түрлі синонимі бар.
  • слайд. Абай шығармалары  мәтінінің  50 пайызын  жиі кездесетін158 сөз құрайды, ал бұл ақынның барлық қолданған  6293 сөзінің  2,5 пайызы боп табылады.

 

мақал-мәтелдер

шешендік  сөздер                                                сөз сапасы

синонимдер

 

фразеологизмдер                                                                               сөз дұрыстығы

 

 

 

сөз тазалығы                афоризмдер                  ақын, жазушы  шығармалары

 

 

Үй тапсырмасы. Ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  ақ  пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі қолданған.  Ақын жырларында  ақ  түсті басқа түске қарағанда  көп кездесетінін  білеміз. Сондықтан  Мұқағали Мақатаевтың  «Аққулар ұйықтағанда»,    поэмасындағы  ақ түске байланысты  ұғымдарды  теріп, жазып  әкеліңіздер.

Бағалау