У у дыбысы және әрпі.

Күні: 1.10.2013

Пәні:Сауат  ашу.

Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. У у дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді   оқып   жаттығу.  2.Ұлттық тәрбие беру  3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

                            Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.

-Л дыбысы қандай дыбыс?

-Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?

-Л әрпіне берілген сөздерді оқыту. Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

а) Түсіндіру:Адамдар, жан-жануарлар Өсімдіктер немен тыныс алады? -Ауамен.Ауа сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.А-уа, а+у+а. Ту,ау сөздерін салыстыра отырып, у дыбысының бірде дауысты , бірде дауыссыз екенін түсіндіру. у-ту-дауысты, у-ау- дауыссыз.У- әріп таңбасымен таныстыру. ә) Буындарды жаттату.Та па на ға ра ла уа

ҮІ.Жаңабілімдібекіту.
Тау,бау,сау, су, сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Ту сөзіне түсінік беру.Сурет бойынша шағын әңгіме құрату.Хормен оқыту.Тақтаға сөз жазғызып үйрету.Ат        ата  тана  ара  Ал     ала   таға арал                                                                                                                                                                          Сергіту сәтін өткізу.

«Қай буынды жоғалттым» ойыны

 На-…,  …-лап,   …нар,  а-…,  …рал т.б.

д) Дәптермен жұмыс:У у,         ау,    ту,     ауа.                                                         

 ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып,білдік?У дыбысы қандай дыбыс?