А,Т,П,Н,Ғ,Л,У дыбыстары мен әріптерін қайталау

156

 

Күні: 1.10.2013

Пәні:Сауат  ашу.

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты:   1. А,Т,П,Н,Ғ,Л,У дыбыстары мен әріптерін қайталау.2.  Ұқыптылыққа тәрбиелеу.  3.Осы әріптерді қатыстыра отырып сөз, сөйлем  туралы

 алған  білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

                           

                            Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.Дауысты дыбыстар: а,у.Дауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, у. ә) Сөз ойлау, сөйлем құрату. б) Сөйлемнің 1-ші сөзі бас әріппен жазылып, сөйлем соңына нүкте қойылатынын түсіндіру.  Адам ауамен дем алады.в) Сөздік диктант.Бас әріп пен кіші әріпті жазу.Аа Тт Пп Нн Ғғ Лл Уу,  Ат ,нан, апа, лақ, ара. Папа.г)  Сөздерді буынға бөлгізу:А-на, а-ра, А-ға На-уа, Ра-уан, А-нар.ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:

                                           

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

ІҮ. Бекіту кезеңі:«Қай буынды жоғалттым» ойыны На-…,  …-лап,   …нар,  а-…,  …рал.  Тау-…,  ту-…,    …-тар.