«Сыни тұрғысыдан ойлау» коучинг сессия жоспары

164

4-Бөлім. Қосымша 1

 

«Сыни тұрғысыдан  ойлау»  коучинг сессия жоспары

 

Сабақ жоспары «сыни тұрғыдан ойлау»

 

Жалпы мақсаттар Мақсаттармен танысу,негізгі түсініктермен,сын тұрғысынан  ойлау стратегияларымен тәжірибеде қолдануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр түрлі тәсәлдері туралы біледі, оқыту үдерісінде әр түрлі технологияларды мақсатты түрде пайдаланады.
негізгі идеялар Сын тұрғысында ойлау
Материалдар мен құралдар флипчарттар, маркерлер, стикерлер(түрлі түсті), тапсырма орындайтын беттер, видеоролик.

 

 

Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері уақыты Коучтің және коучқа қатысушының іс әрекеті
Амандасу 2 мин Коуч тақырыпты, коучингтің мақсатын  хабарлайды,
Сергіту сәті

(эмоционалдық көңіл күйді қалыптастыру, танысу)

7мин  «Позитивті клип »
Топтарға бөлу 2 мин Санау әдісі бойынша
Шақырту 10 мин Тәсіл:  «идеялар,түсініктер, атаулар себеті»

Слайд:технология туралы.

Сұрақтар:

1)Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесіңдер?

2)Блум таксономиясы туралы естулеріңіз бар ма?

3) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдерін білесің?

Топтарда талқылау,стикерлерде  негізгі сөздерді жазу.топта постерге салынған себетке стикердегі сөздерді салады, бірақ бірінің сөзін бірі қайталамайды.

Рефлексия 3мин Ойлау әрекетіне байланысты кілтті сөздер. Жоғарыдағыдағы сөздерден шығатыны: сын тұрғысынан ойлау – талқылау процесі, проблемаларды шешу жолдары.
Теориялық материалдар 10мин Презентация (сын тұрғысынан ойлау – әр түрлі анықтамалар, мақсаттары)
Топтардағы жқмыс

 

10мин Әр топқа танысу үшін тапсырма беріледі сын тұрғысынан ойлау анықтамасы негізінде кластер жасау.Топтың скипері  жасалған кластерді тақтада қорғайды.
Рефлексия 2 мин 2 жұлдыз бір тілек
Сергіту сәті 2мин «Көпір»
Топтардағы жұмыс 10мин Болған оқиғаны хронологиялық ретпен орналастыру. Логикалық тізбек жасау (адасқан логикалық тізбек әдісі) Мозаиканы құрастыру.
Рефлексия 10 мин Осы әдісті өз сабағыңызда қалай қолданасыз? Қандай нәтиже күтесіз?Бұл тәсіл қаншалықты тиімді болады?Бұл тәсіл қандай білік пен дағдыны қалыптастырады?
Ақпараттық материал 5мин Блумның таксономиясы
Топтардағы жұмыс 15мин Блум таксономиясы бойынша  постер жасау
Рефлексия 5мин Тапсырмаларды орындауда қандай қиыншылықтарды кездестірдіңіз? Бұндай тапсырмалар мен сұрақтарды қандай дағдыны дамыту  үшін  пайдаланар едіңіз?
Рефлексия 10мин «Бұрыштар әдісі»  тәсілі1 топ сын тұрғысынан ойлау технологиясмын пайдалану үшін, 2- топ қарсы топ( қарсы пікірлері бар), 3- топ   тыңдайды, бағасын береді.

 

Коучинг жоспары

 

Модуль атауы Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау
Семинардың  тақырыбы Топтық жұмыста сыныптасты мен өзін-өзі бағалау
Семинардың мақсаты Бағалау, оның түрлері және бағалаудың жүргізілуі, осындағы мұғалім мен оқушының рөлі туралы ақпарат беру. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оны күнделікті жұмыста қолдануға бағыттау.
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  23-26 бет
Оқу нәтижелері Тапсырмаларды орындау барысында коуч пен мұғалімдердің  бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін меңгереді.
Негізгі идея Кері байланысты,өздерін өздері бағалауды қамтамасыз етеді,өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады,әр түрлі бағалау түрлерін біледі.
Сабақтақолданылатынматериалдар Плакат, презентация, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер.
Оқуәдістері Жеке, топпен, жұппен жұмыс.АҚТ,СТО, көшбасшылық,диалог
Дереккөздер Слайд, бейнежазба, фото, сабақ жоспары
Тапсырмалар Бейнежазбаны көру және көргендерді талдау және бағалау.

 

1.Мұғалімдерге  жағымды психологиялық жағдайжасау Коучтіңіс-әрекеті Мұғалімніңіс-әрекеті
Ұйымдастыру.

Сергіту сәті

5минут

Көңілді ырғақпен жаттығу жасау.

Санау арқылы топқа бөлу (1,2,3.)

Мұғалімдер санау арқылы, топқа бөлінеді.
2.Негізгікезең.

Миға шабуыл Ұсынылатын сұрақтар:

 

 

Ойларын плакатқа

түсіреді.

 

 

10минут

 

 

 

 

Уәж тудыру

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

Талдау

Сұрақ:

Бағалау дегеніміз не?

Бағалаудың түрлері қандай? Бүгінгі күнде өзіңіз қолданылатын бағалау түрлері?

Жұмысты қорғау. Әр топ өз ойларын плакатқа салады.Спикерді таңдау үшін, орындықтың артына стикер (түстер арқылы 1күлгін, жасыл )  жабыстырылады. Күлгін түстегі адам спикер болады. Спикер  «Галлерея» бойынша басқа топты өз презентациясымен таныстырады.

Бағалау «Мадақтау сэндвичі» арқылы жүзеге асады.

Интербелсенді тақта арқылы «Бағалаудың түрлері: оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау»  презентация көрсетіледі

Қойылған сұрақ төңірегінде мұғалімдер бағалау туралы ойларын айтады, ой бөліседі.

 

 

 

Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.

Спикерлер жұмысты қорғайды.

Топтар стикерге 2 жұлдыз және 1 тілек жазып кетеді.

 

Өз ойларын ортаға салып,ұтымды жағын қолдайды топқа берген ұсыныстарды талқылап,қорытындылайды.

 

 

Мұғалімдер презентациямен танысып, өз жұмыстарымен салыстырады.

 

 

Бейнежазбадағы мұғалімнің сабағын бағалап, өз пікірлерін ортаға салады

Қорытындылау кезеңі

 

5мин

 

Төмендегі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.

Сабақ желісінде бағалауды үнемі қолданып отырған тиімді ме? Неліктен, неге?

Бағалау түрлерін ажыратып айта аласыз ба? Сіз, өз тәжірибеңізде бағалаудың қай түрін пайдаланып жүрсіз? Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі неде деп ойлайсыз? несімен тиімді?

Пікірлерін ,ойларын айтады

 

 

4.Бағалау кезеңі

5минут

Өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды. Топтар өз бағалау критерийлерін жасайды, бағалайды.Формативті бағалау
5. Рефлексия

5минут

«Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?» кестесін беру