Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері

198

Сынып: 10Б

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері туралы  толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;
2. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жүргізу;
3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:  “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;
2. Іскерлік қабілеттері дамыған , сауатты тұлға дайындалады;
3. Бұрынғы біліміне  сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, тапсырмалар,  ватман, маркер.

Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: тұлғааралық байланысты орнату;  Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру мақсатында  “Шаттық шеңберін” өткізу, топқа бөлу

Тұсаукесер кезеңі:Мақсаты: Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, үй тапсырмасын тексеру. Қолданылатын стратегиялар:  “Ыстық орындық”, “Қорапшадағы сұрақтар”

Негізгі бөлім: Мақсаты: назар аудару және түсіндіру; оқушыларды  бақылау жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу; қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек көрсетуге қатысу.

 

                   Қолданылатын стратегиялар: “Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”, :  “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т.б.

Қорытынды кезең: Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау; сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау; қосымша проблемалар туралы әңгімелесу.

Қолданылатын стратегиялар:  “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”,  “Басбармақ” т.б.

Жаңа сабақ: Хабарландыру —  белгілі бір шараның болатындығын хабарлау, уақыты, орны, болатын шара, ұйымдастырушысы көрсетіледі. Хабарландыру    түрлері  мен  ерекшеліктері :

1.Мәжіліс,  жиналыстарға  хабарландыруда  — күн  тәртібі толық.

2.Мәдени  шараларға хабарландыруда — бағдарламасы  ұсынылады.

3.Тендерге  хабарландыруда – шарттары ұсынылады.

4.Вакансияға  хабарландыруда – жұмыс орнына  тиісті талаптар.

Жарнама.          Жарнама сөзі латынның “рекламо — айқайлау” деген мағынаны білдіреді.   Жарнама – ақпарат беру құралы.

          Жарнама – тұтынушыларға, тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын артыру мақсатындағы оларға арналған үндеу.        

Жарнаманың  қызметі:

  1. Тауардың өтімділігін арттыру;
  2. Коммерциялық мақсатта;
  3. Жұртшылықты белгілі бір өніммен  таныстыру, құлағдар ету;
  4. Тілдің қолданыс аясын кеңейту.

 

Жарнаманың  ерекшелігі:

  1. Насихаттылығы;
  2. Тартымдылығы;
  3. Дәлдігі;
  4. Түсініктілігі;
  5. Тосындылығы;
  6. Көркемділігі;
  7. Мазмұндылығы.

Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық- анықтамалық іс қағазының бір түрі.

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

  1. Құжат аты;
  2. Негізгі мәтін;

3.Анықтаманың  қай ұйымға берілгені туралы  мәлімет;

  1. Анықтаманың  жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
  2. Анықтаманы  беріп отырған ұйымның мөрі  мен анық-

тама беруші адамның қолы.

Тапсырма №1

1-топ

  1. Хабарландыру жазу.

2-топ

Жарнама жасау.

3-топ

Анықтама жазу.

Не жарнамаланады? Кімге арналады? Қандай мақсатта беріледі? Қайда орналастырылады?
Тауарды, идеяны, мекемені, заңды не жеке тұлға қызметін Халыққа, мүдделі топтар мен заңды тұлғаларға Ақпараттық

Сендірушілік

Ескертушілік

БАҚ, арнайы орындарда, көліктерде,  т.б.

Анықтама.

Осы анықтама Болатова  Анель Қанатқызының Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің 9 “б” сыныбында оқитынын растайды.

Анықтама әкесінің жұмыс орнына қажет үшін берілді.

Анықтама 2014 жылдың  30  сәуіріне дейін жарамды.

 

Мектеп директоры  _________________ К.Б.Абдигожина.

                                                     (қолы)

Хабарландыру

      22 ақпан күні,  сағат 11.30-да  “Жас жол инспекторлар” сайысы

болады. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысады.

Сайыс түрлері:

  1. Сапта тұру (форма, эмблема, шеврон, т.б.)
  2. Жол тәртібі ережесі
  3. Жас пропагандист.(газет, макет, альбом)
  4. Қауіпсіз дөңгелек
  5. Жас бағдарлаушы
  6. Жас корреспондент (эссе)
  7. Жас санитар
  8. Командирлер сайысы
  9. Агитбригада сайысы (көрініс 10-20 мин)

 

Ұйымдастырушы: Ә.А.Байжұманова

«Полиглот» ойыны.

Арыз —————заявление ————statement
Куәлік ————удостоверение ——certificate
Анықтама ——справка—————- reference
Түсінікхат ——-объяснительное письмо ———explanation letter
Сенімхат ———довереность power ———of attorney
Мінездеме—— характеристика ————-сharacteristic
Хаттама ———-протокол ———————-protocol

1-топ. Сатылай кешенді талдау жүргізу. 
1.Өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолданылу аясы болады. Іс қағаздарының міндеті-барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау нақты жөн көрсету.
2.Түрлері: Анықтама, жарнама, сенімхат, қолхат, түсініктеме, хабарландыру, мәлімдеме, сұраныс, мінездеме.
3.Қолдану аясы: Мекеме, ұжым, фирмаларда
4.Қолдану түрі: жазбаша, ауызша
5.Адам өміріндегі маңызы: Іс-әрекеттің дұрыс, дер кезінде іске асуы, мазмұнының дәл баяндалуына байланысты.
6.Құрылысы: Белгілі бір тәртіппен рет бойынша ұйымдастырылады.
7.Жазудағы талап: Мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынды.
8.Міндеті: Адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау.
9.Стиьдік ерекшелігі: Мәтін баяндау түрде келеді. Экспрессифті сөздер қатыспайды. Өте жинақты келеді. Инверцияға өте сирек ұшырасады.
10.Белгісі: Ресмилік, бірізділік.
11.Цифрлардың қолданылуы: Қағаздың басында, соңында
мерзімі міндетті түрде араб цифрымен көрсетіледі.
12.Нәтижесі: Стильден хабардар адам сауатты жаза алады.
13.Қорытынды: Сауатты адам-елдің болашағы.

2-топ. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

  1. Анықтама *    Керекті нәрселер туралы қысқаша

мәлімет  алатын жер.

  1. Анықтама бюросы * Жеке басты растайтын құжат.
  2. Мекенжай * Мекеме мөрі қойылатын жер.
  3. Мөр орны * Құжатта көрсетілген мәліметтің иесі.
  4. Әуежай * Фактіні дәлелдейтін, растайтын құжат.
  5. Жеке куәлік * Қоныс, тұрақ, орын.
  6. Анықтама иесі * Ұшақтар ұшып, қонатын жер.

3-топ. Сөйлемдерді дұрыс қарастырыңыз

  1. Қазақстан Республикасы  Халық  банкісінің /№ 154448 филиалында/ жетекші маман/болып қызмет істейді/Ақжолова Айман Ниязбекқызы. 2. Анықтама/Ішкі істер бөліміне/Әуезов аудандық/тапсыру үшін/Алматы қаласы/берілді. 3. Анықтама/1 айға/бастап/күннен/дейін/жарамды/берілген.

Анықтама.

Ақжолова Айман Ниязбекқызы Қазақстан Республикасы Халық банкісінің № 154448 филиалында жетекші маман болып қызмет істейді .

Анықтама Алматы қаласы, Әуезов аудандық Ішкі істер бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама берілген күннен бастап, 1 айға дейін жарамды.

Жаңа сабақты бекіту:

Тест.

  1. Анықтама — … құжат.

а) өкілеттік

ә) ұйымдық

б) анықтамалық-ақпараттық

в) дұрыс жауап жоқ

  1. Анықтамаға … қолы қойылады.

а) анықтама иесінің

ә) жазылған мәліметтің растығына жауапты қызметкердің

б) хатшының

в) дұрыс жауап жоқ

  1. Анықтама … үшін беріледі.

а) фактіні растау

ә) ұйымдастыру

б) жүзеге асыру

в) хабарласу

  1. Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) жарайды

ә) жарайтын шығар

б) дейін жарамды

в) жарап жүр

  1. Анықтама Бостандық аудандық оқу бөлімі… тапсыру үшін берілді.

а) -ға

ә) -ге

б) –не

в) -на

  1. Берілген күннен бастап 3 ай… дейін жарамды.

а) -мен

ә) -да

б) -та

в) –ға

  1. Дұрыс аударылған тіркес:

а) просить справку – анықтама бойынша

ә) просить справку – анықтама сұрау

б) просить справку – анықтама беру

в) просить справку – анықтама алу

  1. Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) берілген кезден

ә) берілген күннен бастап

б) берілген кезден бастап

в) берілген уақытынан

  1. Анықтама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) тапсыру үшін берілді

ә) тапсырып жүр

б) тапсырып жатыр

в) тапсырғалы отыр

  1. Белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын құжат –

а) мақала

ә) өмірбаян

б) анықтама

в) дұрыс жауап жоқ

Үйге  тапсырма :

“Ескі мен жаңа – уақыт таңдауы”(электронды) атты тақырыпта ойтолғау жазу.

 

                         Бағалау кезеңі:

   Бағалау парақтарын алып бағалау.

Рефлексия

Стикерлерге өткізілген сабақ барысындағы ойларын жазу