Сөздік қор

76

Сабақтың  тақырыбы :                              Сөздік қор

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,      халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                    кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,география

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2.мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

3.тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.табу дегеніміз не?

5.синоним  дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

               Тіліміздегі сөздердің көбі-қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Мысалы:туыстықты білдіретін атулар:ата,ана,нағашы,жиен,аға,,жеңге,бөле т.б.  Аң-құс атаулары: бүркіт,торғай,түлкі т.б.    Мал атаулары жылқы,түйе,сиыр,қой,құлын..   Табиғат құбылыстарының атаулары:күн,ай,жел,бұлт,тау т.б.

Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар: ақ,қызыл,көк,жеңіл,ауыр. т.б. Қимыл-қозғалысқа,әрекетке қатысты сөздер:кел,бар,кет,сөйле,күл т.б.   Тамаққа қатысты атаулар : ет,сүт,айран  т.б.  Тұрмыс қажетіне байланысты атулар: қазан,ожау,қалың жастық т.б.   Сан атаулары : бір,екі,жеті,тоғыз т.б.   Есімдіктер : мен,біз,сен,ол,кім,? не?

 

Кітаппен жұмыс : 136-жаттығу.Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазады.

 

Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне «Біздің сынып» тақырыбына шағын мәтін жазғызамын.

 

Ілімді бекіту :    Оқушыларға бірнеше сұрқтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 137-жаттығу