Көру диктанты

110

Сабақтың  тақырыбы :                              Көру диктанты

 

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,  халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі :                               баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі :                   түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

 

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                               

                                   ә) Үй тапсырмасын пысықтау : 

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

                                    б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Көру диктанты.

 

1.Ертіс өзенінің ұзындығы төрт мың үш жүз отыз бір шақырым.Соның үштен біріне жуығы біздің республикамыз арқылы өтеді.

 

2.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

 

3.Вокзал басында жүздеген адам поезды асыға күтуде.

 

4.Жыл сайын баспадан жүз мыңдаған оқулық пен оқу құралы шығады.

( 45 сөз )

 

Шығармашылық жұмыс : 1.Төмендегі сөздерге байланысты әрқайсысына он тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек. Бас.Тіл.Бет.

                                                 2 Төмендегі әріптерден басталатын грамматикалық терминдерді кім көп тауып жаза алады. а,б,е,ж,қ..

 

Білімді бекіту : Оқушылардың сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : Ережелерді оқып келу.