Ш дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай  отырып,  ш  дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту.   2. Адамгаршілік тәрбие беру.    3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Ш дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Тамаша,алаша, шаңғышы.3) 48 беттегі берілген сөздерді оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Ш әрпі бар сөздерді атаңдар.

Шоршиды шортан, шорағай,

Шабақ аулап шағала,

Шегіртке қуып Шорабай,

Шапқылар шилі жағада.  ә) тақтаға сөз құрап жазу.(кеспе әріптермен) б) Жеке және көп заттың атауымен таныстыру. Ағаш-ағаштар. Шар-шарлар.т.б.в) Хормен оқыту.Шағала   шапан   алша   шар.Алаша     ағаш      арша   шаш.г) Сөйлем құрату. Шара шар ал. Шарапат шашу шаш.

Ү. Жаңа білімді тексеру:  Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Буын диктантын жазғызу

ҮІ. Білімді бекіту.Сергіту сәті: «Шынжыр» ойынын ойнату. Шар-радио-отан-нан- науа-ара- аспан т. б.Дәптермен жұмыс: Ш ш ша шар Шара. Көшіріп жазу. Шағала, шана арша алша.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?