Еріндік және езулік дауыстылар

66

Сабақтың  тақырыбы :          Еріндік және езулік дауыстылар

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә)  жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;

б)  Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі :                    кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,орыс тілі.

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

2.Жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Еріннің дөңгеленіп алға созылуы арқылы жасалған дауысты дыбысты  еріндік дыбыстар дейміз.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды езулік дауыстылар дейміз.

 

Жаттығумен жұмыс: 248-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек жазыңдар.

 

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді фонетикалық,математикалық тәсілмен талдайды.

 

Сызғыш                                 балапан                                     терезе

 

2 ( 2ы )                         3  ( 3 а )                                         3  (3 е )

60                                       70                                           60

         4 ∆ ( с,з,ғ,ш )               4 ∆ (б,л,п,н )                                    3 ∆ ( т,р,з )

 

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 249-жаттығу