Тіл ұстарту

49

Сабақтың  тақырыбы :          Тіл ұстарту

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә)  жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;

б)  Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі :                  суреттер,деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика                   нақыл сөздер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар үлестіріп беріп жауавп талап етемін.

1.Кірме сөз дегеніміз не?

2.Диалект сөздер дегеніміз не?

3.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

«Кім сөз табар екен?» ойыны.

1 деңгей: Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар.

2 деңгей: Г әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер тауып жазыңдар.

3 деңгей: Құрамында ф,ң,э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.

 

Әрқайсысына алты мысал жазу.

1 деңгей: Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби алты сөз жаз.

2 деңгей:Мал бағу кәсібімен байланысты алты сөз

3 деңгей: Аңшылық кәсібімен байланыстыалты сөз

 

«Не игі?» ойыны.Игі сөзімен аяқталатын алты мақал тауып айтыңдар.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма . Құрамында мынадай екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздер жазу.

кк, ққ, тт, сш, зш.