Орфография

71

Сабақтың  тақырыбы :                     Орфография            

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Үндестік заңы дегеніміз не?          2:Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?              4.Буын үндестігі дегеніміз не?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.Орфография-сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді,сөздерді,оның бөлшектерін бірге,бөлек немесе дефис арқылы жазуды,бас әріптің қолданылуын,тасымал тәртібін белгілейді.

 

Жаттығумен жұмыс : 339-жаттығу. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.

Жылан гөз —                              жыланғұрт –

қайқаяқ –                                  қайран ғалу –

қайрақ тас –                              қайыр ғош –

қақ пөлу –                                  қағ алды –

саптаяқ –                                 сарауыз –

сегіз ғанат –

 

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :  340-жаттығу. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тауып,оларды дұрыс жазып шығыңдар.Хатты қалпына келтіріңдер,ол үшін көп нүктенің орнына тиісті сөзді,сөз бөлшегін немесе қосымшаны қойып жазыңдар.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаОрфоэпия
Келесі жазбаМәтінмен жұмыс