Қазақ тілінен орта мерзімді жоспар 5 сыныпқа

Қазақ тілінен орта мерзімді жоспар 5 сыныпқа

Сабақтың  тақырыбы :                          Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;

б)   Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар                    

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

                                           а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.

                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтамен жұмыс :

 

  • Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.Екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп беру.

Бел               құлақ

Қырық         қосақ

Саңырау      аяқ

Кемпір         қазық

Темір           басқа

Тас               беу

2)   Оңнан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін 3 әріптен тұратын 10 сөз ойлап жазу.

Нан           қақ           көк           тұт            іні

Шаш         кек           тот            сұс           құқ

  • Берілген буындардан сөз құрап жазу.

 

найзерешықоЛау
батеғайжаҰррын
панлазадықшеКө

 

Найзағай                  ұршық                 көше

Терезе                      орындық             жалау

Балапан

 

Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :   Оңнан солға қарай оқылса да,соңнан оңға қарай оқылса да өзгермейтін, 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і              

Сабақтың  тақырыбы :                          Тілдің сөздік құрамы  

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың лексика туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;

ә)  Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту;

б)   Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге,сөздерді дұрыс қолдана білуге,ана тілін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               түсіндіру сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы :

                                             а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бойынша әңгіме жазу.         Оқушылардың әңгімелерін оқытамын

Газет-журналдардан оқыған әңгімелері туралы сұраймын.  Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.

1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?

  1. Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
  2. Мал атауларына қандай атаулар жатады ?

4.Табиғат құрылыстарының атаулары ?

  1. Аң-құс атауларына қандай сөздер жатады ?
  2. Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар.

   б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

  1.     Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де,кейінен пайда болған жаңа сөздер де,термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
  2. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.

Шығармашылық жұмыс : 144-жаттығу.  1.Күз суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар.     2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады.    Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс : Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.

  1. Мен,жаз,өзен,көп,шомыл.
  2.   біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.
  3. Айжан,жолдас,кітап бер.
  4.    Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты,өзгер

Білімді бекіту : Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған сұрақтар мен үлестірмелі кеспе қағаздар таратамын.

Бағалау :   Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу барысына,жаңа сабақта береген жауаптарына,сабаққа деген ынтасына қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма : Қазақ тілінің сөздік құрамы туралы оқып келу. 145-жаттығу.Сөйлем құрау.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                 Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты :

а)  Көнерген сөздер оның түрлері туралы түсінік беру.  Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

                                         а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін                                                                                                                      1. Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?

2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.

3.Мал атауларына қандай атаулар жатады ?

  1. Табиғат құбылыстарының атаулары ?
  2. Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады ?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі : өнеркәсіптегі,ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды.

Мысалы : би,болыс,старшын,қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,сәукеле т.б.

Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архайзм және историзм болып екіге бөлінеді.

Тіліміздегі арсы,дабыл,шың-бұлар да көне сөздер.Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы-арман,тілек мағынасын білдіретінсөз.Жоғарыда аталған келе,арсы,дабыл,шың,бағы,тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде,көркем әдебиетте және ғылыми  естеліктерде кездеседі.

 

Топпен жұмыс :  Оқушыларға көнерген сөздер беріп,сөйлем құратқызамын.

Ояз,дулыға,пері,барымта,құн,дабыл,ілу т.б.

 

Білімді бекіту :  1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

2.Қандай көнерген сөздерді білесіңдер ?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Бағалау :  Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

 

Үйге тапсырма : 146-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ішінен көнерген сөздерді тауып келуге беремін.

 

 

 

5 – с ы н ы п    қ а з қ   т і л і

Сабақтың тақырыбы :              Есте сақтау диктанты

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге саутты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият  тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру.

б) өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                қайталау

Сабақтың әдісі :                               баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                  диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы :

 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

 

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

 

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

                                            Жас балапандарды күту.

 

Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы,ақ ірімшік беріледі.Жұмыртқаны қатты пісіріп,оған қабығын уатып,қосып берген де жақсы.Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі.Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де боладцы.Балапандарға жем беретін астаушаларға бор,көмір,ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады.Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға,жемді бойына сіңіруге көмектеседі.Балапандарға екі

айға дейін күніне алты рет,одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. (74сөз)

 

 

 

Жазып болғаннан кейін     мәтіндегі сөйлемдерге фонетикалық талдау жүргіземін.

 

Мысалы : Б – дауыссыз

 

а– дауысты

 

л – дауыссыз

 

а – дауысты

 

п – дауыссыз

 

а – дауысты

 

н – дауыссыз

 

Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап,қайталап келуге беремін.

 

 

 

 

 

 5 – с ы н ы п     Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты :

а)  Жаңа сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.  Оқушылардың  ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын  түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,плакаттар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

                                           а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                  Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

2.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді ?

3.Тарихи сөздер дегеніміз не ?

4.Архаизм дегеніміз не ?

б)    Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неогизмдер деп аталады.Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады.Кейін тілге сіңісіп,халыққа әбден танылып,жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы : космос,косманавт,спутник деген сөздер алғаш пайда полған кезде жаңа сөздер болатын.Кейін бұлар қоданыла келе жағңа сөз болудан қалады.Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер,соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздеріменберіліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік,үнтаспа,жеделхат,саяжай,ермексаз,теңге,құжат,отбасы,кеден,зейнетақы,зейнеткер,сынып,үнқағаз т.б. сөздер жатады.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп,қоданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік,бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді : жылыжай,қызанақ,орамжапырақ т.б.

 

Кітаппен жұмыс : 164-жаттығу.

r Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.

r Сол сөздердің қандай мағынаны білідіріп тұрғанын сөздіктерге сүйеніп анықтаңдар

r Ауыл шаруашылығына қатысты тағы қандай жаңғырып қолданылып жүрген сөздер барын айтыңдар.

Білімді бекіту :

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау :    Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 165-жаттығу. Мәтіндегі неологизмдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.

 

 

                                                                                                                                            5 – с ы н ы п     Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                            Жалпылама лексика

Сабақтың мақсаты :

а) Жалпылама лексика туралы түсінік беру. Оқушылардың  ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..

б)   Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі :                                жаңа сабақты игеру

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                    Өткен сабақты естеріне түсіріп бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Лексика нені зерттейді ?

2.Тіл білімі неше салаға бөлінеді ?

3.Табу дегеніміз не ?

4.Тұрақты тіркестерді қалай түсінесің ?

5.Эвфемизм дегеніміз не ?

6.Дисфемизм дегеніміз не ?

7.Антоним дегеніміз не ?

8.Омоним дегеніміз не ?

9.Синоним дегеніміз не ?

    б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ  сөздерді жалпылама лексика дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды,әрекеттерді және  т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы : су,ауа,тамақ,үй,нан,мал,жеу,ішу,көру,жүру,ақ,көк,үлкен,кіші.

Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.

Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да,үлкен де,малшы да,аңшы да,ақын да,ғалым да бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады.Мысалы : Биыл қар аз жауды.Кеше күн суық болды деген сөйлемдердегі әрбір сөз өзінің тура мағыналарында ғанақолданылып тұр.Осы сөйлемдердегі сөздердің бәрі жалпылама лексикаға жатады.

Жалпылыма лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен,анықтығымен,қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.

Жаттығумен жұмыс :  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылыма лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.

Білімді бекіту :  1. Жалпылама лексика дегеніміз не ?

  1. Қазақ тілінің лексикасы нешеге бөлінеді ?
  2. Жаңа сөздер дегеніміз не ?
  3. Көнерген сөздер дегеніміз не ?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма169 – жаттығу. Төмендегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай үлгіге сүйеніп топ – топқа бөліп жазыңдар.

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                          Диалект  сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Диалект сөздер оның ерекшеліктерін  түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә)  Оқушыларды табиғаттысүюге,қоршаған ортаны бағалай білуге баулу,эстетикалықталғамдарын арттыру ;

б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   кітаптар,диалектологиялық сөздік

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

                                      а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Кірме сөздер дегеніміз не ?

2.Жалпылама лексика дегеніміз не ?

3.Жаңа сөздер дегеніміз не ?

4.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

5.Сөздік құрам дегеніміз не ?

6.Табу дегеніміз не ?

7.Эвфомизм дегеніміз не ?

8.Дисфемизм дегеніміз не ?

 

                               б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

 

Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық  болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : әдеби тілдегі  тәртіп сөзі Орал обылысында нұсқау,бұйрық деген мағынада қолданылады ; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы,шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады ; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді;әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысынд тұқым деп атайды.

Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.

Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп,жалпыхалықтық тілге айналды.

 

Топпен жұмыс : 184 – жаттығу.сөйлемдердегі  диалект сөздерді тауып жазыңдар.

 

Білімді бекіту : Түсінбегенсұрақтарына жауапберемін

1.Диалект сөздер дегеніміз не ?

2.кірме сөздер дегеніміз не ?

 

Бағалау : Оқушылардың ынтсына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 185 – жаттығу.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын табыңдар.

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і      

Сабақтың  тақырыбы :                          Кәсіби және термин сөздер    

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә)  Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;

б)   тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Татулық – табылмас бақыт

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,география

Сабақтың барысы :

                                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.диалект дегеніміз не?                                  2.кірме сөздер дегеніміз не ?

3.жалпылама лексика дегеніміз не ?                          4.табу дегеніміз не?

5.эвфмизм дегеніміз не ?                                       6.дисфемизм дегеніміз не ?

7.лексика нені зерттейді ?                      8.антонимдер дегеніміз не?

9.синонимдер дегеніміз не ?                  10.омонимдер дегеніміз не ?

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

 

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.

  1. Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. )  қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
  2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота.  3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.

Термин сөздер дегеніміз – ғылым,техника,өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

 

Жаттығумен жұмыс :  193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар.

 

Білімді бекіту : 1. Ұсталық кәсіпке қатысты қандай кәсіби сөздерді – зат,ұғым атауларын білесіңдер ?

  1. Ұста еңбегін өз көздеріңмен көргендерің бар ма? 3. Кәсіби сөздер дегеніміз не?4.термин сөздер дег не?

Білімді  бекіту : оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып келу.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                          Лексикадан өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты :

а) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

ә)  Ана тілін қадірлеуге,білмділікке,сауттылыққа тәрбиелеу ;

б)   Фонетика,лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы :

                                       а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Кірме сөздер дегеніміз не ?                   2.Диалект сөздер дегеніміз не?

3.Кәсібисөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

4.Термин сөздер дегеніміз не ?                            5.Эвфемизм дегеніміз не?

6.Табу дегеніміз не?                                7.Қандай тұрақтытіркестерді білесіңдер?

8.Көнерген сөздер дегеніміз не ?               9.Көнеоген сөздер нешеге бөлінеді?

10.Жаңа сөздер дегеніміз не ?             11.Историзмге қандай сөздер жатады?

  б)     Жаңа сабақты түсіндіру :

Лексика  — белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.Сөздер заттар мен құбылстардың атын білдіреді.

Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып бірде жаңарып отырады.

Қазақ тілінде малай сөз «біреудің иелігінде жалданып жүрген қызметші,жалшы» дегенді білдірсе,башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі « бала » деген мағынада қолданылады.

Бала – шаға деген қос сөздің құрамындағы «шаға» сөзі қазақ тілінде жеке қолданылмағанымен,түрік,әзербайжан,түркімен тілдерінде «бала» деген мағынада жұмсалады.

Қыз қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде күң қыз яғни күңнен туған қыз мағынасында қолданылған.Кейін ол өзінің дербестігінен айырылып,бұл мағынада қолданылмайтын болған.Қазір қыз сөзімен қосарланып,қыздар, қыз балалар мағынасын білдіреді..

Кітаппен жұмыс : 220 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар

Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазыңдар,олар сөздік қордың қай саласына жататынын дәлелдеңдер.

Кесел сөзінің синонимдерін табыңдар.

Тамақ,той сөздерінің омонимдік мағыналарын ашатындай сөйлем құраңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Мақалдарды бір бөлек,мәтелдерді бір бөлек теріп жазыңдар.

1.Біреу күн нұрына малынса,біреу ай сәулесіне зәру.Жақсы адамға жау жоқ,Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.Кәрі түлкі қақпанға түспес.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 226 – жаттығу. Құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөз бар мысалдарды теріп жазыңдар.

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Тіл  дыбыстары

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;

ә) Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

б)  Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Ұжданы ақтың жүзі ақ

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих,анатомия

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                        Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Лексика нені зерттейді ?         2.Сөздің көп мағыналығы дегенді қалай түсінесің ?

3.Омоним дегеніміз ен ?                     4.Антоним дегеніміз не ?

5.Кірме сөздер дегеніміз е ?                   6.Диалект сөздер дегеніміз не ?

7.кәсіби сөздер дегеніміз не ?                    8.Терминсөздер дегеніміз не ?

9.Жалпылама лексика дегеніміз не?           10.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

11.Жаңа сөздер дегеніміз не ?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.Фонетика дыбыстардың жасалу,айтылу,естілу және буын,екпін,интонация мәселелерін қарастырады.

Адамның тілі – дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары болмаса,тіл өмір сүре алмайды.егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса,тіл қатынас құралы да,пікір алмасу құралы да бола алмас еді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады.Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді.Ол үш түрлі сипатта болады.

Біріншісі – оның сапалық сипаты.Мысалы : мал,тал,қал.Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей,бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан мұндағы сөздердің мағынасы да әртүрлі болып тұр.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Сөйлеу мүшелеріне өкпе,дауыс шымылдығы,ауыз қуысы,мұрын қуысы,таңдай,тіл,ерін жатады.Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерің  қатысы да әртүрлі.Соған орай тілдегі дыбыстар да әртүрлі болады.

Кітаппен жұмыс : 233 – жаттығу.Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.  Сал,жат,тас,тық,қаш,жан.

Білімді бекіту : Метаграммаларды шешкізе отырып білімді бекітемін.

Егер т – дан бастасаң —                    Екеуін де алып тастасаң

Биіктердің биігі.                              Балықшының бұйымы

Егер  д – дан бастасаң –

Қиындардың қиыны                         (   … , … , … )

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма236 – жаттығу.

 

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ   т і л і.

Сабақтың  тақырыбы :                                Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушы дүниетанымын,ой — өрісін дамыту,өзін дамытуға ықпал жасау,жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдіру;

ә) Туған елге ,жерге дегшен сүйіспеншілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

б)  Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    мақал – мәтелдер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

             Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Фонетика нені зерттейді ?                   2.Фонетика нені қарастырады ?

3.Тіл дыбыстары қалай жасалады ?               4.сөйлеу мүшелеріне нелер жатады ?

  1. Тіл білімі неше салаға бөлінеді ? 6.Лексика нені зерттейді ?

7.Сөздің ауыспалы мағынасы дегенді қалай түсінесің ?

8.Тұрақты тіркестер дегеніміз не ?              9.Зат есім дегеніміз не ?

10.Етістік нені білдіреді ?                      11Табу дегеніміз не ?

12.көнерген сөздер дегеніміз не ?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіліейтін 9 әріп бар ( ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і ) Қалғандыры – орыс тілі мен қазақ тіліне тән ортақ әріптер.

Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу,құралдарына бейімделген жазба түрі бар.Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.

Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.

Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын газет – журнал,  кітап аттарын басқа сөздерден тез жыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге,және қысқарған сөздерді  ( АҚШ,ҚазМУ ) белгілеуге өте қолайлы болды.

 

Кітаппен жұмыс238 – жаттығу. Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазу арқылы көшіріңдер.

 

Шығармашылық жұмыс : Оңнан оқыса да солдан оқыса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а – дан басталмайтын болсын )

 

Мысалы : нан,қақ,көк,тұт,іні,шаш,кек,тот,сұс,құқ

 

Кейбір сөздерден сөз тіркесін жасап мысал келтіру

 

Мысалы :  кек алу,тұт жинау,сұс көрсету,қақ тілу,тот басу,құқ қорғау.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 239 – жаттығу.                  

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :           Дауысты  дыбыстар

Сабақтың мақсаты :

а)  Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту ;

ә)  Тілдік – эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру ;

б)  Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

Сабақтың түрі :                                Іденіс сабағы

Сабақтың әдісі :                               сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                    Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын..

1.Фонетика нені зерттейді ?                               9. Диалекте сөздер дегеніміз не?

2.Қандай мәселелерді қарастырады?                10. Антоним дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?                   11. Синоним дегеніміз не?

4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?          12. Омоним дегеніміз не?

5.Әдеп дегеніміз не?                        6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер

7.Жаңа сөздер дегеніміз не?                  8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауыты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінде  12 дауысты дыбыс бар : а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і

Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у.

Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.

Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у

Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.

Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.Мысалы : кітап (араб сөзі )

Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

Кітаппен жұмыс : 240 – жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып жуан дауыты сөздердің астын бір,жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі сызыңдар.

Топпен жұмыс : Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар. Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,ілу,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну

Білімді бекіту : 1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?  3.Жуан дауыстылар дегеніміз не? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?

Үйге тапсырма : 242 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.

 

                          

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Ашық және қысаң дауыстар

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә)  Өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу ;

б)  Достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    нақыл сөздер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                      Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Фонетика нені зерттейді?                                            7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады?           8. Әріп дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ?                                     9. Мәтін дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады?                       10. Сөйлем дегеніміз не?

5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?                  11. Көнерген сөздер дегеніміз не?

6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?                    12. Жалпылама лексика дегеніміз не ?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз.

Ашық дауысты дыбыстар мыналар : а,ә,о,ө,е,э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз.

Қысаң дауысты дыбыстар мыналар : ы,і,и,у,ұ,ү.

Кітаппен жұмыс : 244 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ашық дауытылардың астын сызыңдар.

Мәтінде көнерген сөздер бар ма? Олар қандай мағынады жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

Әл – фараби әмір тағына неліктен отырды деп ойлайсыңдар ? Негізгі ойды анықтаңдар.

Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?

Мысықта бар,                                            Көлде бар,

Күшікте жоқ.                                             Сайда жоқ.

Қасықта бар,                                              Төлде бар,

Есікте жоқ.                                                 Тайда жоқ.

Білімді бекіту : 1.Ашық дауыстыдыбыстар дегеніміз не?    2.Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3 Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?    4. Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты :

а)  Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;

ә)  Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;

б)  Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту,талдау.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    мақал – мәтелдер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                       Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Фонетика нені зерттейді?                                 7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады?     8. Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ?                             9. Қысаң дауысты  дыбыстар дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады?               10.Еріндік дауысты дыбыстар дегеніміз не?

5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?            11.Езулік дауыстыдыбыстар дегеніміз не?

6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар мыналар : б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,һ,у )

Дауыссыз дыбстарды  айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,салдыр пайда болады.Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

Мәтінмен жұмыс : Мәтінді оқып,осындағы дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

Кітаппен жұмыс : 259 – жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

П – б :   . . . айдасыз,  . . . аласыз,  . . . алың, са . . . ар т.б.

Т – д :   ба . . . пақ,  қа . . . ақ,  са . . . ақ,  . . . абыс,  . . . әрі.

Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуіндегі өзгешеліктерді түсіндіріңдер.

К – ден бастап оқысаң – Құс атауы,қарашы !

Е – ден бастап оқысаң –

Жалқау бала бағасы.

Білімді бекіту : 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?        2.дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

  1. дауысты дыбыстар дегеніміз не?           4. дыбыстар не арқылы жасалады?

Бағалау :  Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :  Кез келген тақырыпқа шағын мәтін жазып келуге беремін.

 

 

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі — өнеге ету ;

б)  шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу,өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                 Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                 Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді?              2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не ?

3.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

4.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?              5.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

6.Дауысты дыбыстар жақтың ашылу қалпына қарай нешеге бөлінеді?

7.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?             8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.қатаң дауыссыздар мыналар п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,с,ч

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған,бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атймыз.Ұяң дауыссыздар мыналыр : б,в,г,ғ,д,з,ж,һ

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар дейміз.Үнді дыбыстар мыналар : р,л,й,у,м,ң,н.

Кітаппен жұмыс : 267 – жаттығу. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.Мәтіннен қатаң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Суретке қарап,жылдың қай мезгілі екенін айтыңдар.

Сурет көрінісі мен өзің өскен ортадағы табиғатты салыстыра отырып мәтін құраңдар.

Білімді бекіту : 1.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?        2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.қатаң дауыссыздар дегеніміз не?  4.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не?  5.Үнді дауыссыздар дегеніміз не?

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 278 – жаттығу. Сөздерді бірыңғай дауыстыдан не бірыңғай дауыссыздан басталатын 1 – 2 шумақ өлең жазыңдар.

 

      

 

 

 

 

 

 5 – с ы н ы п    Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Буын

Сабақтың мақсаты :

а)  Буын туралы мәлімет беру,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Ауызша,жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем,бейнелі сөз ретінде пайдалану,ұшқырлыққа,ойлылыққа тәрбиелеу ;

б)  Адам өміріне жрап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауғ баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі :                                Жаңа білім беру сабағы,мәтінмен жұмыс

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

              Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дауыссыз дыбыстарнешеге бөлінеді?               2.Қатаң дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не?                       4.Үнді даыссыз дыбыстар дегеніміз не?

5.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

6.Ашық дауысты дыбыстар дегеніміз не?                 7.Езулік дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

8.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

                         Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі.Балалар ектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар.Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба – ла – лар мек – теп – ке кел – ді болып бірнеше шағын дыбыс түріне жіктеліп тұр.Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше буыннан құралады.Мысалы : қант, а – ла – мын сөздеріндегі бындароды алсақ,бірінші сөз бір буыннан,екінші сөз үш буыннан құралып тұр.Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан,екінші сөздегі бірінші бын бір дыбстан,екінші буын еі дыбыстан,үшінші буын  үш дыбыстан құралған. Демек,буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

 

Кітапен жұмыс : 294 – жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

  1. Қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде не білесіңдер?

2.Аңшылық туралы мақалдар тауып жазыңдар

3.Өздерің тұрған жерде қандай құстар мекендейді,олардың ерекшк қасиеттері қандай ?

 

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау : Оқушылардың жауаптаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма296 – жаттығу.

 

                          

 

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Буын  түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә)  сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б)  Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,ой қозғау,талдау,жаттығу әдісі,іздендіру,ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі :                   кесте,сызба,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

       Буын дегеніміз  -сөздердің дыбыстық топқа жіктелеген бөлігі.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.Мысалы: қа – на – ғат, ә — ке.Буын жсаушы дауысты дыбыстың дыбысталу қалпына қарай жуан,жіңішке,аралас буын болады.Мысалы : ке – ме, ба – ла, кі – тап.

Буынның үш түрі бар : 1) ашық буын, 2) бітеу буын, 3) тұйық буын.

Әрқайсысына жеке – жеке тоқталып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіремін.

Ашық буын дегеніміз  — жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталатын буын.

Мысалы : ә — ке, а – на,О – тан,ша – ға – ла.

Бітеу буын дегеніміз – дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталатын буын түрі.

Мысалы : қант,қыс,қар,төс,бор,жұрт.

Тұйық буын дегеніміз – дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталатын бын түрі

Осы жерде айта кететін жайт : тұйық буынды сөзге жалаң буын қосатын болсақ,буын жігі бұзылады : өрт+іð өр-ті, ант+ы ð ан – ты.

Енді балалар, түсінген-түсінбегенімізді білуіміз үшін мына қалташыққа буын түрлеріне сөздерді тауып жапсыру керек (3 оқушыны шығарып тапқызу)

Сынып жұмыс.

— Дұрыс,балалар,түсінген екнбіз,ендеше,жазба жұмысын орындайық.

1) 302 – жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.

2      3        2        2       3      2         3                            3        3         2        2       3        2        3

i      i        i       i       i      i        i                  i       i         i       i       i       i        i

Ел   қон  —  ба  —  са    жер   же  —  тім,                       Құс    қон  —   ба  —   са    көл    же  —   тім

Ÿ     Ÿ       Ÿ       Ÿ     Ÿ       Ÿ       Ÿ                            Ÿ      Ÿ         Ÿ        Ÿ      Ÿ       Ÿ       Ÿ

т.б.  б.б.    а.б.    а.б.  бб.     а.б.    б.б.                       б.б.    б.б.     а.б.      а.б.  б.б.    а.б.     б.б.

Қалғанын оқушыларға талдату.

Үлестіриелі парақшалармен жұмыс.

№ 1

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.  Бауыржан Момышұлы.

№ 2

Ақылдың көркі – тіл,

Тілдің көркі сөз.

Жүсіп Баласағұни.

Орнында отырған оқушыларға 304 – жаттығуды орындауға беремін.Қалаған бір сөйлем жазып,бкын түрін,буын санын көрсету.

— Балалар, енді барлықтарың бері қараңдар, қазір I I  топқа бөлінеміз.

1 – тапсырма

I топ 3 сөз айту D I I  топ буын түріне талдау.

2 – тапсырма

Мақал – мәтел құрастыру.

1.Білім – ер азығы, (Ер – ел азығы )  2. Шебердің қолы ортақ, ( Шешеннің тілі ортақ ).  3.Білімді өлсе,қағазда аты қалар.  4. Ақыл – тозбайтын тон  ( Ұста өлсе,істеген заты қалар ).  ( Білім таусылмайтын кен ).

5.Екпей егін шықпас, ( Үйренбей білім жұқпас ).  6. Жеті жұрттың тілін біл, ( Жеті түрлі білім біл ).

1) Ашық буыннан келетін туыс атауын ата.    2) Бітеу буыннан келетін жер – су атауларын ата.

 

Сабақты бекіту : Оқушылармен бірлесе,сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.

 

Үйге тапсырма : 1.Буын түрлерін оқып келу. 2. 305-жаттығуды көшіріп жазып,буынға дефис арқылы бөліп,буын түріне ажырату.

 

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Тасымал

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә)  жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;

б)  Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                         Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Буын дегеніміз не?                2.Буын нешеге бөлінеді?

3.Ашық буын дегеніміз не?                    4.Тұйық буын дегеніміз не?

5.Бітеу буын дегеніміз не?                            6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

7.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

8.Ұяң,ашық дауысты,дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

                 Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.

  1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.
  2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
  3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.

4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см

5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.

 

Жаттығумен жұмыс : Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.

 

Білімді бекіту :  1.Тасымал дегеніміз не?        2.Қандай сөздер тасымалданбайды ?

  1. Буын нешеге бөлінеді? 4. Бітеу буын дегеніміз не?

 

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 309 – жаттығу. Боябаев жазған төмендегі сурет жазуды қазіргі әріп жазумен жазып шығыңдар.

 

               

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Үндестік  заңы

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;

б)  Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Фонетика нені зерттейді?            2.дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?                  4.Тіл дыбыстары қалай жасалады?

5.Буын дегеніміз не?                             6.Буын нешеге бөлінеді?

7.Ашық буын дегеніміз не?                        8.Тұйық буын дегеніміз не?

9.Бітеу буын дегеніміз не?                     10.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

11.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?              12.Үнді дауыссыздарды атап бер.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

     Қазақ тлінің дыбстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның,сөз бен сөздің арсында бірімен-бірі үйлесіп,ыңғайласып келіп отырады.Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай  қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтлып тұрады. Мысалы : балалар (балалар емес ), үйлер (үлер емес ),ауылға (ауылға емес ) т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады мектепке (мектепке емес ),үйге (үйге емес ),жазда (жазда емес ) Сөйтіп сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.

Үндестік заңы екі түрлі    а) буын үндестігі,ә) дыбыс үндестігі

Жаттығумен жұмыс : 310 – жаттығу  Жуан сөздерді бір бағанға,жіңішке сөздерді екінші бағанға,аралас сөздерді үшінші бағанға жазыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұртын 7 сөз ойлап жазу. Мысалы : қызық    қазақ    кебек     қалақ  қырық  кесек  надан.

Топпен жұмыс :  Сөз жұмбақты шешу және жұмбақ шешуінен жаңа сөз табу.

Табылады құлақтан                Буын орнын өзгертсек

Әйел заты құмартқан              Жүз жылға уақыт недеген

( сырға )                                 Жаңылмайтын жауаптан

(ғасыр )

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарынажауап беремін.Сабақты «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы қорытындылаймын.

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білідері бағаланады.

Үйге тапсырма : 311 – жаттығу

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Буын  үндестігі

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                     Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін.Тақтаға сөйлемдер жазып фонетикалық талдау жүргіземін.

К  — дауыссыз,қатаң

ү —  дауысты,жіңішке,қысаң,еріндік

н —  дауыссыз,үнді

д  — дауыссыз,ұяң

і  — дауысты,жіңішке,қысаң,езулік

з  — дауыссыз,ұяң

Күн – діз  көр – ін – е – тін  жұл – дыз  қа – лай  а – та – ла – ды?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :     

                 Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан,сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын  үндестігі  (сингормонизм ) деп атаймыз ).

Үндестік заңынасай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғайжуан,не бірыңғай жіңішке болады.Мысалы : ата,ана,бақыт,ьаға,сана,намыс,егіз,өріс,төсек,кереге,кілем т.б.

Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді.

  1. басқа тілдерден енген сөздерде : кітап,кино,қазір,зағип,математика
  2. біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді : шекара,баспасөз,аман-есен,алай-түлей,асты-үсті.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы бкынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады : соңғы буын,жуан болса- жуан қосымша,жіңішке болса,жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы : өнер-лі,жет-ер

Жаттығумен жұмыс : 311 – жаттығу.Кірме сөздерге қосымшалардың жалғауындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар.

Білімді бекіту : 1.Үндестік заңы дегеніміз не ?     2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

  1. Буын үндестігі дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 312 – жаттығу.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар.

 

                              

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :       Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б)  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Үндестік заңы дегеніміз не?                           6.Буын нешеге бөлінді?

2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?                     7.Ашық буын дегеніміз не?

3.Буын үндестігі дегеніміз не?                          8.Тұйық буын дегеніміз не?

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?                           9.Қандай сөздер тасымалданбайды?

5.Буын дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар :

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар : 1.көмектес септік жалғауы.Мысалы : баламен,қонақпен,күрекпен   2. –нілі (-ділі,-тілі ) –тай,-тал,-дар,-еке,-тар Мысалы : даланікі,әкетай,діндар,ағаеке,өсімтал ;   3. –бей,-би,-кер,-гер,-қор,-паз,-қой,-пеш,-хана Мысалы: бейшара,балгер,жемқор,әсемпаз,сәнқой,емхана,жұмыскер,зиянкес.   4. –ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина.мысалы: Әуезов,Жұмабаев,Сейфуллин,Жұмағазина т.б.

Жаттығумен жұмыс : 314 – жаттығу. Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.

Жас                                       бала                                                                                   екен

 

Жаңа                                     мектеп                                                                               болған

 

Жақсы                                  емхана                           қаланікі                                       деді

 

Киген                                    киімі                                                                                   шығар

 

Көрінген                              жарық                                                                                 сияқты

 

 

Екеуара жұмыс : Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңдар :чех,тарих,полюс,заряд,кінә,факт,ансамбль.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тпсырма : 317 – жаттығу. Мәтіннен буын үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіннен кәсіби сөздерді табыңдар.

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                              Дыбыс  үндестігі

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы :  

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                             Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Үндестік заңы дегеніміз не?                 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3.Буын үндестігі дегеніміз не?                    4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?

6.Фонетика нені зерттейді?                      7.Буын дегеніміз не?

8.Буынның түрлерін ата?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

                       Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).

Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.

Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты  немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.

 

Жаттығумен жұмыс : 324 – жаттығу.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап,олардың неге түрліше жалғанатынын қандай дауыссыз дыбыстардан кейін көптік жалғауның бір түлі дыбыстың вариянты қолданылатынын түсіндіріңдер.

Ана,әйел,әшекей,мерген,көрме,сөз,бұрым,көркемөнер,қзақ,қолғап,көзілдірік,жігіт.

 

Білімді бекіту : 1.Дыбыс ундестігі дегеніміз  не ?                2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

3.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?                    4.Кейінді ықпал дегеніміз не?

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма . 325 – жаттығу.

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қ а з а қ     т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                 Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден

                                                     айырмашылығы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

                                               а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

1.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?       2.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

3.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?        4. Мәтін дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.Сыртқы формасы жағынан,яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.

Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..

Тілімізде көптеген омонтмдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған.Түбір сөзге жұрнақтар қосылу арқылы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.

Мысалы : Арық : 1) зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен;

  • сын – семіз емес,еті қашқан,жүдеу.Арық құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.

 

Жаң сабақты түсіндіргеннен кейін,жаттығумен жұмыс жүргіземін.

 

Білімді бекіту : 1.Омонимдер дегеніміз не?            2.Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар:     3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

 

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 70 – жаттығудағы айт,жөн,ен,бөле сөздерді омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазуға беремін.

 

 

5 —  с ын ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                              Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

 

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

  1. Омонимдер дегеніміз не? 2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар?

3.Мәтін дегеніміз не?                    4.Ауызша тіл дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты тсіндіру :

                          Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әртүрлі дыысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.

  • Сөздердің дыбысталуында өзгешелік болу керек ;
  • Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек ;
  • Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің (не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы ,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы-адамбаласының жейтін қоректік заты.Бесеуі  де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас  өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлер бір ғана не? деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

 

Жаңа сабақтан кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін

 

Білімді бекіту :  1.Синоним дегеніміз не?        2.Сөздің тура мағынасы дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Омоним сөздер дегеніміз не?    4.ажар,жылдам сөздерінің синонимдерін табыңдар.

 

Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды жазып,оның ішіндегі ғажап,уәде,шық,айла сөздерінің синонимдерін тауып жазып келуге беремін.

 

Бағалау :Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімдерін бағалаймын.

 

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                              Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а)  білімділік  — оқушыарды сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;

ә)  тәрбиелік – туған тіл әрбірелдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып,келтірілген мысалдар арқылы елін,жерін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу ;

б)  дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.

Сабақтың түрі :                                жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі :                               проблемалық ой  тастау,баяндау,сұрақ-жауап,ізденушілік,зерттеушілік

Іс-әрекеттері,ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі :                   жаңа сабақты меңгертуге байланысты жазылған плакат беттер,ВЕНН диаграммасы,әр түрлі тақырыптарға салынған суреттер,үнтаспа.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу өнері,орыс тілі.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларменамандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сабаққа назар аударту.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпта өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін,сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.

68-жаттығудың шығармашылық деңгей тапсырмалары бойынша дайындап келген жұмыстары тексеріледі.Оқушы жауаптары төмендегідей болды

Жоғалса да атың, /зат есім/

Жоғалмасың атың, /зат есім/

Айыбымды кеш, /етістік/

Келсем де үйге кеш, /мезгіл мағ.үстеу/

Жағам дейсің қара, /зат есім/

Әліңе бірақ қара. /етістік/

Күйе,күйе,күйе ме? /зат есім/

Күйеге қолым күйе ме? /етістік/

Самат ванды бөле ме? /етістік/

Сара мен Сана бөле ме? /зат есім/

Дәл осы орында. /зат есім/

Сабағыңды орында. /етістік/

Келсең дағы жай /мез.мағ.үстеу/

Киіздерді жай. /етістік/, т.б.

Осы мысалдардың нәтижесінде омоним сөздер бір сөз табынан да жасала беретінін түсіндіріп,қорытынды жасауға болады.

    Жаңа сабақ : Жаңа сабақты меңгерту алдын ала плакат бетке жазылған мысалдарды оқи отырып түсіндіруден басталады.

 

  1. Зат есімдер 2. Сын есімдер 3. Етістіктер    4. Үстеулер

Кім?                  Қандай?                  Не істеу?         Қашан?

Мұғалім            қадірлі                     күту                  тез арада

Ұстаз                 қатерлі                    тоқтау               жуықта

Педагог             құдіретті                 кідіру                таяуда

Оқытушы          құрметті                 аялдау               жуырда

Тәрбиеші           қадірменді              тосу                  жақында

 

Әр бағанға сөздерге сұрақ қойып,бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып,синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып,кітаптағы ережемен салыстырамыз.

Енді сол айтылған қорытындыны плакат бетке жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.

1.Абырой да,бақ та,атақ та,даңқ та – бәрі осы егістікте.

  1. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала — өжет,тапқыр,шешен әрі ақылды кейіпкер.
  2. Ата – анамыз бізді жан аямай бағады,өсіреді,тәрбиелейді.
  3. Айшылық,алыс жерлерден,

Көзіңді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің  бір сөз табынан болатынын түсіндіріп,бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізу.

Демек,қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі екен деген тұжырым жасаймыз.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтінін,кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатынын төмендегі мысалдар арқылы түсіндіру.

 

Қарт                  Кәрі                    Биік                    Бойшаң

 

адам             адам   мал                 тау                        адам

 

71-жаттығууды орындау (ойын түрінде орындалады )

Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып,әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп,синоним қатарларынан пойыз жасау.Бұл тапсырманы орындау үшін төрт қатарға бір синоним  сыңарын беріп,синонимдік қатарлармен толықтыру тасырылады.

1 –қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс,тума,ағайын,туған-туыс,жекжат-жұрағат,жамағайын т.б./

2 – қатарңға «Данышпан» сөзі /ұлы, дана,ғұлама,ойшыл,білмдар,оқымысты,данагөй,т.б./

3 – қатарға «Қаймығу» сөзі /Қорқу,жасқану,сескену,айбыну,т.б./

4 – қатарға «Әрең» сөзі /әзер,азар дегенде,әзер-пәзер,өліп-талып,әрең дегенде,т.б./

Тіліміздегі бір сөздің мағыналық өрісін анықтау үшін оның басқа сөздермен жүйелі қатынасын анықтаған жаөн.Оны сызба арқылы оқушыларға түсіндіре кетудің артықшылығы жоқ.

Жомарт сөзінің мағыналық байланысы

Лексика – семантикалық қатынасы – Азамат, ер көңіл адам.

Жомарттық түбірлестік

Жомарт

Жомарттау қатынасы

 

   Сараң – антонимдік қатынасы

Сахи

Мәрт                              синонимдік қатынасы

Береген

 

Сөздердің бұлайша ара-қатынасын анықтву оның мағынасын толық аша түсуге,еркін қолдануға,оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға мүмкіншілігін арттыра түседі.

Суретпен жұмыс

  1. Қой бағып тұрған кіснің суреті көрсетіледі де,оның кім екені сұралады. Оқушылар қойшы,бақташы, шопан,малшы,сақпаншы деп жауап береді де,ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінеді.

       Келесі сұрақ : — Қойлар қайда жайылып жүр?

Жауап : — Өрісте,жайылымда немесе тауда, беткейде,қырда, жотада, белде, тегісте, далада  деп жауап береді.

  1. Дәрігердің суреті көрсетіледі.

— Бұл кім? Жауап : — Дәрігер,емдеуші,ақ халатты абзал жан,медицина қызметкері т.б.

— Ол кімді емдейді? Жауап : — Ол ауру адамды,дімкәс адамды,науқастарды,сырқат,дертті адамдарды емдейді деп жауап береді.Дәл осындай жұмыс оқушылардың ойлануына,білгенін есте сақтауына көмектеседі.

ВЕНН диаграммасы

 

Омонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бірдей,

Мағыналары бөлек сөздер.

2) әр сөз табынан болады,

соған орай атқаратын

қызметтері де бөлек

болады

     Ортақ

  қасиеттері

1) тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді.

2) сөз байлығын көрсетеді

3) көркем әдебиетте,ұмбақ,жаңылтпаш,өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.

Синонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бөлек,мағыналары жақын сөздер

2) бір сөз табына қатысты болып,бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

 

Орыс тіліндегі ережелер ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу.

Үнтаспасы Абай атамыздың «Ғылым таппай,мақтанба» өлеңі таңдалады да,ондағы синоним сөздерді табу жұмысы орындалады,талданады.

 

Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды  ауызша, 73 – жаттығуды жазбаша орындап келу тапсырылады.

 

Оқушы білімін бағалау : Сыныпта белсенділік танытып,тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Буын  түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы мәлімет беру,буынның түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде қолданып,мәтіннің құрамды бөліктерін,жасалу жолдарына көз жеткізу ;

ә)  Оқушының сөздік қорын молайту,тілін дамыту,дыбыстан сөз,сөзден сөйлем,сөйлемнен абзац,абзацтан мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеу шеберлігіне төселдіру ;

 

б)  Сөздер мен сөйлемдер арқылы,мәтін,суреттер арқылы оқушыларды отансүйгіштікке,адамгершілікке,жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,әңгімелесу,талдау,жаттығу,ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі :                   буын түрлеріне арналған сызба,үлестірмелі парақшалар,суреттер.

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                        Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Фонетика нені зерттейді?                2.дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?                     4.Тіл дыбыстары қалай жасалады?

5.Буын дегеніміз не?                       6.Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?

7.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру :

                 Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бірқалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар : 1) Ашық буын ; 2) тұйық буын ; 3) Бітеу буын.

 

  1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз : а-ға, ба-ла, қа-ла. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз : а-дам,а-та.
  2. Тұйық буын . Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз : ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант
  3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын дейміз:тал,төрт,бар,жаз,кел,кең.

 

Кітаппен  жұмыс :  298-жаттығу. Өлеңді оқып,неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.

 

r Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап,оларды буын түрлеріне бөліп жазыңдар.

r Сөздің түбірі буынның қай түріне жататынын айтыңдар.

 

Білімді бекіту : «Кім тапқыр» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.

 

Бағалау :   Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :    299 – жаттығу.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                              Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а)Мағыналары бір-біріне жақын сөздер,яғни синонимсөздер туралы толық мәлімет беру ;

ә)  Оқушылардың өз бетінше іздніспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,басқаларды тыңдау,өз көзқарасын  дәлелдеп қорғай білу қабілетін,сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;

б) Сұхбаттасыу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырым жасауға баулу,оқушыларды адамгершілік,қайрымдылық,бірлік,достық,бауырластық рухында тәрбиелеу.

Мазмұнға байланысты міндеттері :  синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.

СТО – ға байланысты міндеттері : болжау жасау,мәтінді талау,салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттері : бірлесе жұмыс істеу,өз пікірін білдіруге,дәлелдеуге үйрету.

Сабақтың көркемділігі : синоним сөздерге арналған сызба,кеспе қағаз,буклет,бағалау парағы,синонимдер сөздігі.

Сабақтың түрі :танымдық әрі жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап,жарыс, «Топтастыру»  стратегиялары, «Идеялар тақтасы», «Жиг СО-1».

Сабақтың барысы.

  Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын ұйымдастырып,сабаққа бейімдеу.

  Негізгі кезең.

  Қызығушылықты ояту сатысы.Ой қозғау.

Мағыналары мәндес,яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?

Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.

  Мағынаны ажырату.

Әр топтың оқушыларына тапсырма беріледі.

  1-тапсырма. Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай блгілеріне қарай топтастырылады : 1) сөздің дыбысталуында өзгешелік болу керек ; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіреді ; 3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

2-тапсырма. Бұған қосымша синонимдер мәтінді бірін- бірі  алмастырған жағдайда ғана сөйлем мүшесінің ( не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың ) қызметін атқарады.

Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы – адам баласының жейтін қоректік заты.Бесеуі де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды  деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлар бір ғана не деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

3-тапсырма. Қазақ тілі – синонимге бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,түс, келбет,пішін,ажар,көрік,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай. Сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды. Етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу. Үстеулерден болған синонимдер : тез,жылдам,шапшаң,лезде.

  4-тапсырма синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады.Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.

5-тапсырма Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады. Мысалы,биік пен бойшаң өзара синоним сөздер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды :биік тау деп айтылғанымен,бойшаң тау деп айтылмайды Кәрі,қарт  деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де, ал қарт сөзі адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқащан да айтылмайды.

«Отбасы» тобында осы тақырыпта оқып талдайды.

«Жұмысшы» тобына топтасады.Мұнда мәтін рет-ретімен түсіндіріледі,талданады.Қайтадан «Отбасы» тобына топтасып,мәтінді тағы талдайды.Сосын жалпы ортақ ойды параққа түсіреді.Жасалған жобаны тақта алдында қорғайды.

Міне,осы «ЖИГ СО — 1» тәсілі арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгереді.

Жаттығумен жұмыс.

Зат  есімнен болған

синонимдер

Етістіктен болған

синонимдер

Сабақты қорытындылау. 

                                                                  

                                                                                Синоним

 

 

 

       

Мағыеалары

Бір-біріне

жақын

Бір ғана сөз табына

қатысты болады

Әр түрлі дыбысталып

айтылады

Синонмді білу

Тілді байытады

Синоним сөздер

Талғампаз.

 

Үйге тапсырма : Синонимдер сөздігінен өзіне таныс емес синонимдер қатарын теріп жазу.

 

Бағалау.Мадақтау.Қоштасу.                                                          

 

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                          Синонимнің жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә)  Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу

б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер

Халықтық педагогика                    Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану :                   елгезек масақшы озыпты.

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,

Сабақтың барысы :

                                       а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Омонимдер дегеніміз нен?

2.синонимдердегеніміз не?

3.Сөздің тура  және ауыспалы мағынасын қалай түсінесіңдер ?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

 

   Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Мысалы : — зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,келбет,түс,пішін,ажар,көрік,көріғ,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай.

  • сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды ;
  • етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу ;
  • Үстеулерден болған синонимдер ; тез,жылдам,шапшаң,лезде.

Синоним сөздердің мол ірі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады. Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.

 

Білімді бекіту : 1.Синонимдер дегеніміз не?

2.Омонимдер дегеніміз не?

3.Мәтін дегеніміз не?

4.Ауызша тіл дегеніміз не?

5.Жазбаша тіл дегеніміз не?

6.Әдеби тіл нешеге бөлінеді?

 

Үйге тапсырма : 73 –жаттығуды жазып, синоним сөздердің астын сызып келуге беремін.

 

Бағалау : Оқшылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                 Синонимдік сөздікпен жұмыс                                                   

 

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану :                   Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

1.Синоним дегеніміз не?

2.омоним дегеніміз не?

3.Бағалы,құнды,қымбат сөздері омоним сөздер ме,әлде синонимдер ме?

 

б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

 

         Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.Мысалы : биік пен бойшаң өзара синонимдер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды : биік тау деп айтылғанмен,бойшаң тау деп айтылмайды.Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де,ал қарт сөзі, адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқашан даайтылмайды.

 

Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.

 

Білімді бекіту :  1. Синоним дегеніміз не?

2.Омонимдер дегеніміз не?

3.Семіру,сөзінің синонимін тап.

4.Уәде сөзінің синонимін тап.

 

Үйге тапсырма :   85 – жаттығуды жазып көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып келуге беремін.

 

Білімді бағалау :  оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдері бағаланады.

 

 

 5 – с ы н ы п    Қ а з а қ   т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                 АНТОНИМДЕР                                            

Сабақтың мақсаты :   білімділік —  синоним сөздерді бір-біріменсалыстыра отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру ;

                                        Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып,халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңір ;

Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге,өз ойларын еркін айтуға,оқшының тез қабылдауынажол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау қабілеттерін аоттыру.

Түрі : аралас сабақ

Әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,топтастыру.

Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер,кеспе қағаздар,түрлі-түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,география,биология.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару ; ә) сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

74,75-жаттығуларды тексеріп шығу.

1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.

3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

Жаңа сабақ. Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін.Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.

Үлкенге – құрмет,                                     Әдепті бала – арлы бала,

Кішіге – ізет.                                             Әдепсіз бала – сорлы бала.

Сонымен қатар биік таудың суреті мен аласа таудың суреті,кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі ескертіледі.

Оқушылар : — Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

— Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.

                              Антонимдер                                       Болымды-болымсыз

                              Жақсы-жаман                                     жақсы-жақсы емес

ал-бер                                                 ал-алма

сулы-құрғақ                                       сулы-сусыз

Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.Мәселен,ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

Тақтамен жұмыс.

89-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,тірек сөздердің астын сызыңдар.

«Қандай әсем сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты  айтылып тұр?

Тез,шебер сөздерінің антаонимдерін тауып жазыңдар.

Тез – жай,шебер – олақ.

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 4 топқа төрт түрлі деңгейлік тапсырма беремін.

  • топқа : 1-деңгейлік тапсырма.

Берілген жұмбақтың шешуін шешуін тауып,антоним сөздердің астын сыз.

Үсті тас,асты тас,                                  Аяғы бар,басы бар

Ортасында піскен ас.                             Арқалаған тасы бар.

(таба нан)                                              (тасбақа)

2 – топқа : 2-деңгейлік тапсырма.Биік,ашық,жаңа,сұлу,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сөздер тауып жаз. Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.

3 – топқа : 3-деңгейлік тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде антоним болуы шарт).

4 – топқа : 4-деңгейлік тапсырма.Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу немесе өлең шумақтарын құрау (ішінде антоним болуы шарт).

Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.Мақалдың жалғасын табу

Ашу . . . . . (дұшпан)                                  Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ

Ақыл . . . . (дос)                                          Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.

Бекіту кезеңі: Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапс-ды.

                                                                      Антонимдер

 

 

Ойды бейнелі түрде жеткізедіМағн-ры бір-біріне

Қрма-қарсы болып келетін сөздер

әсерлі түрде

қалды

Мақал-мәтелдерде

Жұмбақтарда жарыса қодан-ды

Болымды-болымсыздық мағын-ры болад

Білімін бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : а) антонимдер(40-бетті оқу); ә) 1,2-топқа 98-жаттығу; б) 3-4-топқа 100-жаттығу.

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ  т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Бақылау диктанты                                                  

 

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

 

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

 

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі :                               мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі :                   түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу

Халықтық педагогика                    Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану :                   Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды түгелдеу,сыныптың тазалығына көңіл аудару.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

                                       Қайырымды бала

 

Қыс еді.Ымырт жабылған кез.Жуырда жаудан азат етілген Курсанова селосына келдік. Жөңкіп қашқан жау әскерінің қанды жасыл ізі сайрап жатыр. Күн шағырмақ аяз. Түнеп шығатын баспана іздедік.Аязды күнді бұлтсыз аспанда қаоың жұлдыздар жымыңдайды. Әлдеқайда алыстан оқтын-оқтын атылған ауыр зеңбіректің өзімізге үйреншікті даусы естіледі.Көшеде қыбыр еткен жан жоқ.Бір балаға кездестік..Баланың ұсқыны тым жүдеу.Үстіне киген жалбыр тоны мұз болып қатып қалыпты.Белін кендір арқанның үзігімен буып алыпты.

Түнеп шығатын үй іздеп жүргенімізді айттық.Баланың аты Володя екен.Ол бізді өз үйіне алып барды.

( С.Омаров)

 

Үйге тапсырма :    Үйге синоним,омоним,антонимдерді қайталап келуге беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п    Қ а з а қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :              Мәтіннен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,  халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Өткенді еске түсіру

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,суреттер.

Халықтық педагогика                    Адамға саусағыңды шошайтпа.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

 

  1. Омонимдер дегеніміз не? 2.Синоним дегеніміз не? 3.Антоним дегеніміз не?

4.Ашық,қара,күшті сөздерінің антонимін тауып бер.

5.Сұлу сөзінің синонимін тап.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

 

      Мәтін – «байланысу,бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.

Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтін сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады.

Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар сипатталады,суреттеледі.

Мәтінге газет-журнал материалдары,өлең шумақтары,оқулықтағы сөйлесу жатады.

r   Жаңа сабақтан кейін суретке қарап мәтін құрайды.

  • Жаттығулармен жұмыс жүргіземін.
  • Кеспе қағаздарды таратып,жауап талап етемін

 

Білімді бекіту :  1.Мәтін дегеніміз не?

2.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?

 

 

Үйге тапсырма : Үйге «Менің борышым» деген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.

 

Бағалау : Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п   Қ а з а қ   т і л і.

Сабақтың  тақырыбы :                                 Лексикадан өткенді қайталау                                                 

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Нақты мысалдар  келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу ;

ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану :                   Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

 

1.Синоним дегеніміз не?

2.омоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не?

4.Лексика нені зерттейді?

5.Денсаулық туралы мақал айт.

 

б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

 

   Лекика ( грекше-лексикос дегенді білдіреді ) тілдің сөз байлығын,олардың мағыналарын сөздік қоры мен құрамын олардың даму,баю жолдарын қарастырады.

Тілдің сөз байлығын бірімен-бірі тығыз байланысты екісаладан тұрады: негізгі сөздік қор жәнесөздік құрам.негізгі сөздік қор деп сол тілде сөйлейтін жалпы халыққа түсінікті тіл жүйесін айтады.Негізгі сөздік қор көлемі жағынан сөздік құрамнан аз болады да,сөздік құрамның бөлшегі деп есептеледі.Сөздік құрам сөздік қорға енетін түбірлік сөздерді ішіне алатын,тілде қолданылы жүрген барлық сөздердің жиынтығы болып саналады.

Сондықтан сөздік қорға қарағанда,көлемі жағынан анағұрлым көп болады.

Тілдің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамының аралары алшақ жатқан дербес,екі бөлек нәрсе емес екеуі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын біртұтас тілдік құбылыс.

 

∆ Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.

∆ Кеспе қағаздар үлестіріп,жауап аламын.

 

«Хан талапай» ойыны арқылы сабақты бекітемін.

1.Лексика нені зерттейді ?          2.Тура және ауыспалы мағынаны қалай түсінесің ?

3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не ?   4. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылғы бар ?

 

Үйге тапсырма : Үйге омоним сөздерді теріп жазып келуге беремін.

 

Білімді бағалау : Сабақ соңында оқшылардың білімдері бағаланады.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                 Табу                                               

 

Сабақтың мақсаты :

а)  Табу туралы түсінік беру.Оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру.бір-біріне көмектесу қасиетіне тәрбиелеу ;

ә) Адам баласында кездесетін түрлі қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету.

б)  Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

      Өткен сабақтар бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

1.Синоним дегеніміз не?            2.Омоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не?                  4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

5.Мәтін дегеніміз не?

 

б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

   Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.Мифтік наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде табу деп айтылады.Мұндай тиым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі.Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының,оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Қазақтың ескі әдет-ғұрыпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарын өз атымен атамайтын болған.

Солардың  әрқайсысына жақындықжолына,жаының үлкен –кішілігіне қарай лайықты атқоюға тиісті болған.Мәселен,қызға  шырайлым,еркежан,бикеш десе,ұлға шырақ,мырза жігіт,төре жігіт т.б. деп атаған.

Осы ретпен абысын-ажын,,қайын-қайнаға,ата-ене,нағашы-жиен,тіпті жиеншарларға деінат қойып шығатын болған.

Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға,жыртқыш аңдар мен қауіпті жәгдіктерге,түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан.Мысалы : жай түсудің апатынан сақтанып,жайдың атын атамау үшін «жасыл» деп атаған.

 

∆ Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.

∆ Кеспе   қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

 

Білімді бекіту :  1.Табу дегеніміз не?    2.Жаңа түскен келіндер қайын сіңілілеріне қандй ат қойған?

3.Табу сөздері қай халықта көп тараған?

Үйге тапсырма : Үйге 103-жаттығу.

 

Білімді бағалау : Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                    Тыйым сөздер                                                

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушыығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорытуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б)  Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.

Халықтық педагогика                    Ас қайырмай дастархан басынан тұрма

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

      Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты қаншалықты меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Табу дегеніміз не?                                               2.Лексика нені зерттейді?

3.Антоним дегеніміз не?                4.Фонетика нені зерттейді?

5.Мәтін дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

 

   Тиым сөздердің мәнін  түсіндіремін.

1.адамға саусағыңды шошайтпа   2.адамды санама.         3.Тамақты асығысып ішпе

4.Ас қайырмай дастархан басынан тұрма.    5.Ауруға күлме           6.Әдепсіз болма

7.Бас киімді айналдырып киме                       8.Босағаға сүйенбе         9.Бір қолмен нан үзбе.

 

Сабақты түрлендіру: ( топпен жұмыс )

 

Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздрді теріп  жазу.Сөз мағынасын ашу.

Қолқанат                       ішік                        есен                        түс

тымақ                            қыран                    балық                      күрек

нағашы                         шұлық                   қысым                     ұршық

 

Сабақты бекітіу . Бірнеше тиым сөздердің мағынасын түсіндіремін.

 

Үйге тапсырма : Үйге біраз тиым сөздер теріп жазып келуге беремін.

 

Бағалау :Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                              Сөздікпен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,   халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                 Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                                 сұрақ – жауап,іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

  1. Омонимдер дегеніміз не? 2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар? 3.Мәтін дегеніміз не?                    4.Ауызша тіл дегеніміз не?

б)   Жаңа сабақты тсіндіру :

Тақтамен жұмыс :

1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп көру.

бел                          құлақ

қырық                    қосақ

саңырау                  аяқ

кемпір                    қазық

темір                      бақа

тас                          беу

2) Оңынан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а-дан басталмайтын болсын)

Нан       қақ            көк     тұт               іні

шаш      кек           тот      сұс               құқ

3)  Берілген буындардан сөз құрап жазу.

 

 

най

 

зе

 

ре

 

шық

 

ө

 

лау

 

ба

 

те

 

ғай

 

жа

 

ұр

 

рын

 

пан

 

ла

 

за

 

дық

 

ше

 

кө

 

найзағай       ұршық             көше           терезе            орындық         жалау        балапан

Білімді бекіту:  1. Табу дегеніміз не?    2.Көп мағыналы сөздерді қалай түсінесің?

  1. Мәтін дегеніміз не? Лексика нені зерттейді?

Үйге тапсырма : Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.

Бағалау: Оқушылар білімдеріне қарай  бағаланады.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                          Шығармашылық диктант

 

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә)  Оқушыларды жазба жұмыстарында қате жібермеуге,өз ойларын сауатты жазуға төселдіру;

б)   Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   Түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамын

Халықтық педагогика                    Көп түкірсе көл

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

 

1.Табу дегеніміз не?                 2.Лексика нені зерттейді?

3.Антоним дегеніміз не?                 4.Фонетика нені зерттейді?

5.Мәтін дегеніміз не?                  6.Қандай тиым сөздерді білесіңдер?

 

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Үш қатарға үш түрлі тапырма беремін.

1) Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

1.Сулы жер,егін ору,шөп шабу.

2.Уәдесінде тұру,киноға бару.

3.Үлкенді сыйлау.

4.Қуаныш,жеміс өсіру.

2) Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

1.Астық,айлық,айдын.

2.Әйгілі,әдемі,әңгіме.

3.Күләш,Кәрім.

3) Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

1.Мұндай,тұқым,үлкен,күрес.

2.Бұлбұл,мазмұн,мағлұмат.

3.Бірсігүні,Бибігүл,аққұтан.

4.Жұлдыз,ұшқыш,күндіз.

 

Білімді бекіту: Жазған жұмыстарын сұрап,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Үйге тапсырма : Шабыны мол,Құйқалы жер,Мұрты қияқтай.Сәулетші,Мансапқор.Ақсақал.Кереге,шаңырақ

 

Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрап келуге беремін.

 

Бағалау: Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :       Дисфемизм

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б)  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Бейнет түбі — зейнет

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

 

1.Табу дегеніміз не?

2.Қандай тиым сөздерді білесің?

3.Омоним дегеніміз не?

4.Синоним дегеніміз не?                                                                                                                                     5.Антоним дегеніміз не?

6.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

7.Лексика нені зерттейді?

8.Мәтін дегеніміз не?

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

 

Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі,көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады.Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады.Бұл құбылыс тілде эвфимизм деп аталады.Эвфемизм әдепті,сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан.Мысалы, «мылжың» деудің орнына «сөзуар»,өтірік айту дегеннің орнына «қосып айту», «ұрланды» дегеннің орнына «қолды болды», «ұрлық жасамау» дегеннің орнына «ала жібін аттамау» деген сөз тіркестері қолданылады.

 

Білімді бекіту :  1.Эвфемизм дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Екеуінің қандай айырмашылығы бар?

 

Үйге тапсырма : 106-жаттығуды Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.Әдепті сөйлеуді үйреніңдер.

 

Ұры,өсекші,боқмұрын,қырт,саңырау,соқыр,ақсақ,мылқау,топас,жынды.

 

Бағалау :  Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :   Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    нақыл сөздер

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не                     2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?                     4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

5.Антоним дегеніміз не?                     6.Синоним дегеніміз не?

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

Перифразаның ерекше бір түрі-эвфемизм.Өтірікші — аузының желі бар;ұры – қолының жымқырмасы бар;

Ұрлық қылмайды – біреуің ала жібін аттамайды;ұрлану – қолды болду;өлді – қайтып кету,жан тәсілім қылу .

Эвфемизмдер осылайша әр-түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап жұмсартып айтуды көздейді.

Жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы,тұрпайы сөйлеуден сақтандырып,сыпайы болуға баулитыны байқалады.

Ал дисфемизмді мәдениетті адамдар сөйлемейді.

 

Тақтамен жұмыс:  Эвфемизм мен дисфемизмге бірнеше сөйлемдер құрап жазады.

 

Бүкіл оқушылармен жұмыс :

Үріп ауызға салғандай,жүрек жұтқан,жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бстан қуырдақтық ет алған т.б.

Осы берілген тұрақты тіркестедің қайсысы жағымды,қайсысы жағымсыз екенін айтып мағынасын түсіндіріп сөйлем құрайды.

 

Үйге тапсырма :  іске сәт,ұтты болсын,оң сапар,қырық жілік болғыр,сеспей қат,жер жастанғыр,мұратқа жет.

Осы тіркесті сөздерді қайсысы дисфемизм екенін ажыратып жазып келуге беремін.

 

Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :       Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б)  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап

Халықтық педагогика                    Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану :                   елгезек масақшы озыпты

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Эвфемизм дегеніміз не                         2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?                         4.лексика нені зерттейді?                                                                                                                              5.Антоним дегеніміз не?                     6.Синоним дегеніміз не?

 

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы ойлар жинақталып келіп,автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.

 

Бүкіл оқушылармен жұмыс :    Мәтін туралы түсінік берген соң суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.

 

Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

 

1.Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2.Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3.Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру.

4.Табиғат көрінісін суреттеу.

5.Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.

 

Білімді бекіту :  1.Мәтін дегеніміз не?

                                     2.Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің?

3.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің?

 

Бағалау : Сабаққа қатысып,отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                                Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты :

а)  Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру.Ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;

ә)  Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;

б)  Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі :                    кеспе қағаздар,кітаптар,мақал-мәтелдер жинағы

Халықтық педагогика                    көппен көрген ұлы той

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не?                     6.Синоним дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не?                   7.Мәтін дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?                               8.Зат есім дегеніміз не?

4.Омоним дегеніміз не?                         9.Сан есім дегеніміз не?                                                                                                         5.Антоним дегеніміз не?                       10.Сын есім дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Бірнеше сөзден құралып,бір ғана ұғым беретін бір-біріне ажыратуға келмейтін,басқа сөзбен тобын жазбасынан барып байланысатын тіркесті тұрақты тіркес дейді.

Тұрақты тіркестер идиомалық тіркес және фразалық тіркес болып екіге бөлінеді.

Фразалық тіркестер : Ата жолын қуу,табан ақы маңдай тер,мидай дала,тепсе темір үзетін т.б.

Идиомалық тіркестер : жел аяқ, өгіз аяң,ұзын құлақ.мақтамен бауыздағандай,қырық пышақ,қол жаулық,әпер-бақан,қой аузынан шөп алмас,мұртын балта кеспейді.

Кітаппен жұмыс : Мәтіндегі тұрақты тіркесті тауып,мағыналарын айтып астын сызады.

Топпен жұмыс : Бірнеше тұрақты тіркес беремін,мағыналарын ашып,сөйлем құрайды.

1.Белінен бесік табы кетпеген.

2.Су жүрек

3.Ит шөлдеп өлетін жер

4.Үріп ауызға салғандай

5.жүрек жұтқан

6.Ит екеш иттен де бір сүйек қарыз.

Білімді бекіту : 1.Тұрақты тіркес дегеніміз не?

2.Тұрақты тіркес нешеге бөлінеді?

3.Идиомалық тіркес дегеніміз не?

4.Фразалық тіркес дегеніміз не?

 

Бағалау : Жауаптаына қарай оқушылардың білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : үш-төрт тұрақты тіркестерге сөйлем құрап келуге беремін.

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                   Фразеологиялық тіркестер

Сабақтың мақсаты :

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не?                     4.Мәтін дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не?                   5.Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тілдеен айырмашылығы неде?

3.Табу дегеніміз не?                               6.Омоним дегеніміз не?

б)  Жаң сабақты түсіндіру :

      «Фразеология» термині кең мағынада алғанда,белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген  ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.оның сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады,бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып,тұтас бір ұғымды білдіреді.

Мысалы: көз бояу,жүрегінің түгі бар,қу бастан қуырдақтық ет алған т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып,ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.

Тақтамен жұмыс: фразеологиялық сөздердің синонимдерін тапқызу.

Телегей теңіз, көл-көсір (көп)

Ит жанды,жылқы мінезді (төзімді)

Маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған (бақытты)

Сағы сыну,шағылу,жүрегі шайылу (беті қайту)

Білімді бекіту: 1.Фразеологиялық тіркестер дегеніміз не?

2.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

3.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Дисфемизм дегеніміз не?

Бағалау: Сұрақтарға жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Мына фразеологиялық тіркестің мағынасын біліп келуге беремін.

 

Сақалын сипап қалу,мұзға отырып қалу,тақырға отырып қалу,аузы күю,көзді ашып жұмғанша,кірпік қаққанша,иек көтергенше,қаспен көздің арасында.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

Сабақтың  тақырыбы :                    Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                білімді жүйелеу,жинақтау

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,жартылай ізденгіштік

Сабақтың көрнекілігі :                   суреттер, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,бейнелеу.

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не                       2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?                 4.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

5.қандай тұрақты тіркесті білесіңдер?                  6.лексика нені зерттейді?

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

     Тақтаға бірнеше суреттер іліп қойып,соған қарап мәтін жазғызамын.

    Жаттығумен жұмыс: Мәтінді оқытқызып, оғанат қояды,тұрақты тіркесті бір бағанға,жай тіркесті бір бағанға жазады.

 

Мына тұрақты тіркестердің мағынасын ашып,сөйлем құрап жазады.

 

1.Үріп ауызға салғандай

2.Іші баыры елжіреген

3.Емешесі құрыған

4.Жүрек жұтқан

5.Қоян жүрек

6.Тас бауыр

7.Жұмыртқадан жүн қырыққан

8.Итекеш иттенде бір сүйек қарыз

9.Алдыңғы доңғалақ қалай жүрсе,соңғы арба солай жүреді

10.Сиыр су ішсе,бұзау мұз жалайды.

 

Білімді бекіту : Өткен сабақтарға байланысты оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Бағалау: Сұрақа жауап бергендеріне,мәтіннің мазмұнына қарай оқушылардың білімдері бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:Үйге 123-жаттығуды жазып,оның ішінен тұрақты тіркестерді тауып,астын сызып келуге беремін.

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

С

 

Үйге тапсырма :  140-жаттығу.

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     қ а з қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

.

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

Оқушылардың еңбегін бағалау. 5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і

 

 

 

 

 

5 – с ы н ы п     Қа за қ    т і л і