Қ дыбысы мен әрпі.

141
  1. Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Қ  дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.  2. Таза, әдемі жазуға баулу 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Білімді тексеру.1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,та

-О дыбысы қандай дыбыс?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады,                  Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады.                Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай?                                (қой)

Кәнеки, кім табады?

(қар)

О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп,  қ дыбысының орнын байқату. б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену,  мағынасын түсіндіру. г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.  Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру. -Қ қандай дыбыс? -Сөздің қай буынында жазылады? — Қала аттары қалай жазылады?

Сергіту сәті:     Дәптермен жұмыс:  Қ әрпін жазып үйрену

Кірісейік сабаққа,               Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға.                          Сөйлем құрату.

 

 

Жазудан «5» алайық,                  Алмат қалада тұрады.

Үйге қуанып қайтайық.               Қарағай тауда өседі.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:  Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?