Сабақта ынтымақтастық атмоферасын құру

196

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

(К.Д.Ушинский)

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Ол сабақтың кіріспе бөлімі яғни,»ынтымақтастық атмосферасын құру» кезеңінен басталады Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Баланы ынталандыру үшін түрлі мотивациялық бейнероликтер мен ситуациялық суреттер қолдануға болады. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.Сонымен қатар,оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.  Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.

Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер етеді. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек.

Сабақта ынтымақтастық атмоферасын құру:

  • Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа дағдыланады
  • Оқушы сыныптастарымен қарым – қатынасын  түзету  мүмкіндігі туындайды.
  • Ең бастысы сыныпта жағымды эмоциялық атмосфера орнайды. Және оқушылардың барлығы сабақ барысында белсенді болады.

Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында мен өз тәжірибемде мынадай әдістерді қолданып жүрмін:

Суреттердің 6 айырмашылығын табыңыз:(1-ші слайд)

Бұл тапсырманы орындау барысында бала  сыни ойлайды және көңіл-күйі көтеріледі. Суреттер тақырыпқа қатысты таңдалса тіпті тиімді болады.

 

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі комикстер немесе көңілді суреттерді көрсетуге болады:

 

Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.Сондықтанда баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет екендігін тағы да негізге ала отырып психологиялық — ынталандырушылық тесттерді көптеп алудың маңызы зор.

Мінезің қандай? (11- слайд)

Оқушыларға фигураларды таңдата отырып,мінездеме беру.

«9 алмаз» тапсырмасы сабақ тақырыбына сәйкесінше түрлендіруге болады (ретімен орналастырып көріңіз) :

Танымдық даму — ол баланың оқу және проблемаларды шеше алу қабілеті дәлірек айтқанда оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ, зейін, сөз сөйлеу дағлылары, ойлау, шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Выготскийдің ойынша педагогтер мен ересектер тікелей балалармен қарым-қатынас жасайды және балалар тәжірибесін пайдалануда аса маңызды болады. Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар Маслоу мен Роджерс (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 78 бет). Карло Роджерстің зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан барлық тәжірибесімен, білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны қамтиды. Осындай тәсілмен оқығанда біз бүтінбіз (Роджерс, 1983ж.). Осы ойға байланысты метасананың оқыту жолдарының бірі — ойлау тілін анық етіп жасау және оны сыныпта талқылауға қосу. Мысалы үшін»біз не туралы ойлаймыз, бұл сабақта не туралы ойладық » деген сұрақтарды ой бағдар ретінде ұсына отыр. Оқушылардың өзіндік ойлауымен түсінігінің артуына көмектеседі. Ұқсастық бойынша ойлау қабілеті адамның санасы және білім алуы үшін өте маңызды. Ұқсастық бойынша ой жүгірту дағдылары оқушыларға тапсырманы табысты орындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі тақырыптар бойынша алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқыту мен білімді жаңа жағдайларға қатысты бейімдей ойластыру қабілеті (Чен 1997, Джентер, Холиак 1997, Госвами және Браун 1990).

Зерде теориясының мазмұны бойынша адам өз санасының және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз (сенім, ниет, тілек, эмоциялар және т.б.). Жоғары идеяларды өндіру сапасы мәселесінің сапасы балаларда өз іс-әрекетіне есеп беру қабілеті дамыған сайын өрістей береді.

Макатонның (Makaton) коммуникациялық балама әдістеріндегі

-визуалды ережелерді пайдалану: сөйлеумен бірге жүретін тірек сөздер және символдар;

-қысқа әрі түсінікті сөйлемдерді қолдану, ең маңызды ақпарат сөйлемнің басында берілуі керек;

— оқушыға топтағы, сыныптағы пікірталастарға қатысуға көмектесу

-тірек сөздер жазылған арнайы плакаттарды бірлесіп шығарады.

Визуалды дәлелдер тапсырмасы:

Тапсырма: Суреттерді төмендегі қағидаттар бойынша топтастыр:

  1. 100 жыл бұрын

2.100-50 жыл бұрын

3.50-25 жыл бұрын

  1. Соңғы 25 жыл

 

 

ТЕК КӨРГЕН  ТҮСТІ ЖАҢЫЛЫСПАЙ ОҚЫ! тапсырмасы

Айғақ па, әлде пікір ме ?

Алып тасбақа 150 жылдан астам өмір сүре алады.

Гепард  арыстаннан жылдам жүгіреді.

Жануарлар бағында қолтырауындарды күту қиынға түсуде.

Ақ аюды бақылау өте қызықты.

Коалалар  күндіз ұйықтап, түнде сергек болады.

Ақ акула – ең қауіпті жыртқыш.

Біз кеше кітапханада болдық.

Айғақ әрдайым дәлелдемелерге негізделген

Пікір әдетте біздің эмоцияларымыздың өнімі немесе  айғақтың жеке тұжырымдамасы.

Тұжырымдай келе, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.

Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

  • Баланы үнемі сынай берсе, ол жеккөруді үйренеді;
  • Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
  • Егер де балаға күле берсеңіз , ол тұйық болып өседі;
  • Егер баланы сөге берсеңіз , онда ол кінәлі сезіммен өседі;
  • Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
  • Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
  • Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
  • Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
  • Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;
  • Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді;
  • Бала тәрбиесінде  аңыз әңгімелердің  де  берер тәлімі мол.