Д д дыбысы, әрпі туралы түсінік беру

  1. Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.   2. Еңбексүйгіштікке  баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп,  кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:  а)«Дала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту. Хормен оқыту. Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің  интонациясын дұрыс .қойып оқуға жаттықтыру. Дулат қайда? Айдар қайда? сұрақтарына жауап бергізу Жеке-жеке оқыту.  Сергіту сәтін өткізу.

ҮІ. Жаңа білімді тексеру. а)-Д қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады? ә) Дәптермен жұмыс:Д әрпін жазуға жаттықтыру.б) Жұмбақ шешу.Үп-үшкір тұяғы,Жылан көзін ояды.(Дәуіт)   Іші егіс, сырты тегіс.(тон) Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап) в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата,апа,ана,ала,аға,тай,қой,тон, той.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:  Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?