Дд дыбысы мен әрпі

40

40.Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.  2. Еңбексүйгіштікке  баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.  Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а/ Дд  дыбысы қандай дыбыс? ә/ Дауыстап тізбектей оқыту. б/ Жеке-жеке оқыту.

ІҮ.   Білімді бекіту. Тақтаға  сөз  жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана.  Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді. / 4 сөзден құралған./  Айжан  дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын  тексерді. Оған дәрі берді. 3. Кеспе  әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін  өткізу.

Ү.  Оқушының  білім-білік дағдысын  тексеру.а)  Бұл  қалай  өзгерген?  Дидактикалық  ойын. Дос-тос, топ-доп, нар-шар.ә/ Жоқ  әріпті  теріп  жаз. …оп,  …ар, …он, …оқ. б)Дәптермен жұмыс: Берілгенді  көшіріп  жазу.в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата, апа, ана, ала, аға, тай, қой, тон, той.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?