Б дыбысы мен әрпі

34
  1. Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:  1. Б дыбысы, әрпі мен таныстыру.Б дыбысына   қатысты  сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . 2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке  тәрбиелеу.   3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау  қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер,  әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ?-Сөздің қай буынында   жазылады? ә) Дауыстап тізбектей оқу. б) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) – Балық, бақа сөздеріне  буындық, дыбыстық талдау жасау. Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. б)  -Әріп таңбасымен таныстыру.    3 рет дыбыстау         Баспа түрі-Бб

Хормен оқыту. Жазба түрі- Тақтамен жұмыс: Бала, баба,бата, бота,бор, бал. 2.Сөйлем құрату.3.Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман , нан, мал, қаймақ.

    Ү. Білімді бекіту.1.Өтілген әріптерді пысықтау:Аа,Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм.

Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.2. Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазып жаттығу. Көшіріп жазуға үйрену.

ҮІ. Сабақты қортындылау:-Б дыбысы қай буында жазылады?  -Б қандай дыбыс?