Б дыбысы мен әрпі.

24
  1. Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

 Сабақтың мақсаты:    1 Б дыбысы, әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау  қабілетін дамыту.  Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке   тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер,  әріптің жазу  үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Б дыбысы қандай дыбыс ? -Сөздің қай буынында жазылады?ә) Дауыстап тізбектей оқу    б) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: Хормен оқыту.      Жазба түрі –Б

Бақ              бақа          бағбан        балға

Бақша         бақбақ      балуан        балта

Тақтамен жұмыс:

      Ү. Білімді бекіту.Орман мәтінін оқу. Орманда ағаштар бар.Онда қарағай  да тал да бар. Қарға , торғайлар да орманда. Балабақша . Онда кімдер тәрибеленеді?

Сергіту сәтіДәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Орманда не бар? Қандай ағаш түрлері кездеседі? Қандай құс түрлері кездеседі? Балабақшада болғандарымыз бар ма?

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау