С дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау.  2. Таза, әдемі жазуға баулу.3.  Сөйлем туралы білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) С дыбысы қандай дыбыс? 2) С дыбысы сөздің қай жерінде жазылады.?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құрал-саймандармен таныстыру. ә) Хормен оқыту б)  С әрпіне немесе дыбысына қатысты сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімді тексеру:  1) Тақтамен жұмыс Дос, бас, сана, маса сөзін жазғызу. 2.Саймандар не үшін керек? Саймандарды ата

ҮІ. Жаңа білімді бекіту1  Буыннан сөз құрап оқу. А-лу , тап-табу, бар-бару,  бақ-бағу.

  1. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпіне берілген сөз, сөйлемді жазып жаттығу.«Шынжыр» ойынын ойнату.сағат-тамақ-қарға-асыққалам-маса-Асан –нан т.б.

ҮІІ .Сабақты қортындылау:   Бүгінгі сабақта не  істедік?