Ы дыбысы және әрпі

48.Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

 Сабақтың мақсаты: 1 Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау. Ы дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету. 2.Жолдастық, достыққа тәрбиелеу. 3. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ1) — Мына суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? -Ыдыс не үшін қажет?-Оларды неден жасайды? 2) -Ыдыс сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасайық

Ы- дыс

1-ші буыны-ы            Ыдыс сөзінде 4 дыбыс бар.

2-ші буыны- дыс                2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.

3) Ы дыбысын дыбыстатып, жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту.

дыбысын 3 рет айтқызу. — ы қандай дыбыс?Сөздің қай буынында жазылады.

ә) ы дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ы –бас әрпі,   ы- кіші әрпі.

б) Сөздің өзгеру тәртібімен таныстыру.Қайық-қайығы. Қап-қабы.    Тарақ-тарағы.                   Топ-тобы

в)  Ыдыстарды басқа бұйымнан ажырата білуді үйрету.Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.

Ү. Жаңа білімді бекіту. . Дәптермен жұмыс  Ы ы әрпін жазып үйрену.

Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз, Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз, Көркем етіп жазамыз.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?