Ы дыбысы және әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

  Сабақтың мақсаты: 1. Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау, тиянақтау.  Сөзді, мәтінді оқуға жазуға үйрету. 2. Салауаттылыққа баулу.3. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау.  ә) Сөз құрап оқу.б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Бағандағы сөздерді хормен оқыту. 2. «Қақпашы» мәтінін оқи отырып түсіндіру.3. Өмірмен байланыстыру. 4. Денсаулық жайында әңгіме, пікір алысу.5. Ы дыбысына қатысты өлең оқыту.

Ыждахатшыл Ырысты, Ынталана кірісті.

Ыстық сумен ыдысты, Ырысжанға жуысты.6) ы дыбысына сөз ойлап, сөйлем құрату. 7) Тақтамен жұмыс:Ыдыс, шыны, оқушы, қауын, ырыс, ынтымақ.

Ү. Жаңа білімді бекіту.-Ы дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

Мақал-мәтел үйрену. Ырыс алды –ынтымақ.Дәптермен жұмыс:  Ы ы әрпін, ыдыс, ырыс, ынтымақ сөздерін жазу.  Сергіту сәті.     Жұмбақ шешу.

Ызыңдап ән салып

Жұқа тақтай бөлшегі,                           Жұп- жұқа қанаты.

Ұзындықтың өлшемі.        (сызғыш)  Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.       (шыбын)

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?