Жж дыбысы және әрпін дұрыс оқуға, дұрыс дыбыстау жаттықтыру

  1. Сабақтың тақырыбы:Жж дыбысы және әрпі.

 Сабақтың мақсаты: 1. Жж дыбысы және әрпін дұрыс оқуға, дұрыс дыбыстау жаттықтыру  2.Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру.  3 Оқушылардың тілін,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ.І Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау.Жа, жу,жо. ә) Сөз құрап оқу. б) Тізбектей оқыту.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Ж әрпіне сөз ойлату.  2. Буындық талдау жасау.3. Сөйлем құрату: жолбарыс.жылқы, жануар, жәндік. 4. Дыбыстық талдау жасау. 5. 70-71 беттегі сөздерді оқыту. 6. «Жарыс» мәтінін оқытып,қанша сөйлемнен құралғанын аңғарту.7. Әр сөйлем неше сөзден құралған?

Ү. Жаңа білімді бекіту.а) Диктант жазғызу. Ж,ы әрпін жаз. Жа,жу,жо  жаға, жота, жуан, жуас,ә)Бағандағы сөзді хормен оқыту. б) Жұмбақ шешу.Бос жер қалмай аспаннан, Түнде шашып тасталған.Моншақтың аты не? Қайсы әріптен басталған?в) Өлең шумағын оқып беріп, ж әрпі бар сөздерді атату.

Жағажай, Жағажайда Қамажай.

Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.

г) Жаңылтпаш айтқызу.

Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі  сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.

Дәптермен жұмыс: Ж жарыс, жорға,  жарыс, Жарас жарысқа қатысты.

 ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?