Жж дыбысы және әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1 Жж дыбысы және әрпі туралы түсінік беру.  2.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.   3 Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау. ә) Сөз құрап оқу. б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Суреттерді көрсете отырып, буындық, дыбыстық талдау арқылы ж дыбысын сөз ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу.  Жарғанат, жолбарыс, жүзім, жүзік.2. Ж  ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 3. Сөйлем құрату: жолбарыс, жылқы, жануар, жәндік. 4. Әріп таңбасымен таныстыру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.Кеспе әріптен сөз құрату. Бағандағы сөзді хормен оқыту.«Жусан» мәтінін оқытып, сөйлем санын анықтау.  Дәптермен жұмыс.  Ж ж әрпін жазу.Жұмбақ шешу.

Бөлінгенді табыстырып, Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігің де, Байқаймысың түгін де. (желім)

Сергіту сәті.

 ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?