Сабақтың тақырыбы: Schools in Great Britain

Пәні: ағылшын тіліКласы: 8 аУақыты: 29.11.13
Сабақтың тақырыбы: Schools in Great Britain
Мақсаты: Оқушыларды Ұлыбританияның білім беру жүйесі, мектеп түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру; «мектеп» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлеу кезінде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру; оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту; топта ынтымақтаса жұмыс жасауға,  өз ойын еркін жеткізуге және топ мүшелерінің пікірін тыңдауға баулу.
Күтілетін нәтиже: Ұлыбританияның білім беру жүйесімен, мектеп түрлерімен танысады; топта талдау арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша таныстырылым дайындай алады, жаңа сөздерді үйреніп, оларды сөйлеу кезінде қолдана алады. Топ мүшелерінің пікірімен санасуға, өзін және өзгені сыни бағалауға қалыптасады.
КезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекетіРесурстар
Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың сабаққа қатысымын, класс тазалығын тексеру, Класты  топқа бөлу, топбасшысына бағалау парақтары мен критерийлерді үлестіру.Мұғаліммен сәлемдесу, кезекшінің мәліметі. Топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындайды.түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы
Үй тапсырмасын сұрау2 жаттығу, 112 бет. Сөйлемдерді аяқтау.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында, дұрыс жауабын тақтаға шығару.

 

 

4 жаттығу, 113 бет. Досына өз мектебі туралы хат жазу.

Әр топтан бір оқушыдан «Автор орындығы» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Топтағы оқушылар сағат тілі бойынша дәптерлерін алмастырып, интерактивті тақтадан көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша бір бірін тексереді, берілген критерий бойынша бағалайды.

 

Топ ішінде өзара ақылдасып, өздері таңдаған ең үздік хатты оқиды. Басқа топтағы оқушылар сұрақ қояды. «Үш шапалақ», «отшашу» әдістері бойынша бағалайды.

 

интерактивті тақта, дәптер

 

 

 

дәптер

 

 

Қызығушылықты оятуӘр топқа «School» сөзіне ассоциация жасауға тапсырма беру.Берілген сөзбен байланыстыратын ұғымдарды, суреттерді  плакатқа жазып-салады, қорғайды, «үш шапалақ» әдісі бойынша формативті бағалауды жүргізеді.плакат, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер
Жаңа сабақ1. Ой шақыру

1. Where is Great Britain?

2. What’s the capital and the official language of Great Britain?

3. What do you know about educational system of Great Britain?

 

2. «ББҮ» стратегиясы бойынша  таратылған парақшаларға кестенің 1,2 -бағандарын толтырту

 

3. Мәтінмен жұмыс

1 жаттығу, 115 бет

Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі туралы мәліметті ЖИГСО әдісі арқылы меңгерту.

 

 

 

4.  Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында өзін-өзі тексеру тапсырмасын беру.

 

 

 

5. Сергіту сәті

“If you are happy and you know it…” бейне клипын тақтадан көрсету.

 

6. Ұлыбританиядағы мектеп түрлері бойынша топтарға таныстырылым жасауға тапсырма беру.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

«ББҮ» кестесінің 1,2 -бағандарын толтырады.

 

 

 

 

Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі туралы мәліметті жеке оқып, жұппен және топпен талқылайды; оқығанын басқа топқа түсіндіреді, өз тобына келіп басқа топта естігенімен бөліседі.

 

1 топ 116 беттегі 2, 2 топ 116 беттегі 3, 3 топ 116 беттегі 5 жаттығуды орындайды. Тақтадан берілген жауаптар бойынша өздерін тексеріп, критерий бойынша бағалайды.

 

 

“If you are happy and you know it…” өлеңін айтып, бейне клипте көрсетілген қимылдарды жасайды.

1 топ – Primary schools

2 топ – Secondary schools

3 топ – Private schools тақырыптары бойынша таныстырылым дайындайды, қорғайды. Бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.

 

интерактивті тақта

 

 

 

«ББҮ» кестесі жазылған парақшалар

 

 

оқулық

 

 

 

 

оқулық, дәптер, интерактивті тақта

 

 

 

 

интерактивті тақта, бейне клип

плакат, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер

Сабақты қорытындылау1. Сабақтан алға білімдерін жинақтау мақсатында «ББҮ» кестесінің 3-ші бағанын толтырту.

 

 

2. Үй тапсырмасын беру

Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып Ұлыбритания мектептеріндегі оқушылар ережесі мен міндеттері туралы жоба жұмысын жасау.

Тапсырманы орындайды, өзара талқылайды, ойларын ортаға салады.«ББҮ» кестесі жазылған парақшалар

 

интерактивті тақта

БағалауТоп басшылары бағалауларын айтуы сұралады.Топ мүшелеріне берілген критерийлер бойынша баға қояды.

12-15 балл – «5»

8-11 балл – «4»

5-7 балл – «3»

5-тен төмен бағаланбайды.

бағалау парақшалары