Е дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:а) Өтілген Е дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтауә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін есте сақтауын  дамыту. б) оқушыларға дұрыс таза жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: кеспе суреттер

Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Е дыбысы қандай дыбыс? Ол сөздің қай бөлігінде кездеседі?

ІІІ.Жан-жақты білімін пысықтау. Өтілген  әріптерді пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақОқулықпен жұмысмен              бес          шешен       ерте     Ержан сен               бесеу     шебер         ертең   Ерлан суретке қарап әңгіме құрау. — суретке қараңдаршы. Балалар  не істеп жатыр? -сурет салып жатыр? Ненің суретін салып жатыр? –табиғаттың   -Оқушы не істеп отыр?- Оқушы хат жазып отыр. Ойнады  сөзін жіктейік

Мен ойнадым          Мен оқыдым

Сен ойнадың           Сен оқыдың

Ол ойнады                  Ол оқыды.

Ү.Жаңа сабақты бекітуНе ?                          Неше?                      Нешеу? Бұл не?                    Неше алма                алма нешеу?

Бұл алма                  Алты алма               Алма алтау

ҮІ. Сабақты қорытындылауӨтілген Е дыбысы мен әрпі бойынша білімдерін пысықтау

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау