І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру

  1. Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:    1 І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. .  3. Ой-өрісін  дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

 І. Ұйымдастыру: Түгендеу.  Оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

 ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.  а) -І дыбысы қандай дыбыс?  -Сөздің қай жерінде жазылады?  Сөздік диктант жазғызу. І і іші,ішік,ін, іс,ыс, тыс,тіс,іні,ірі, ыдыс.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) Кім? сұрағына жауап беруге үйрету. ( мамандығы бойынша) ә) Мәтінді оқыту, мазмұнына түсінік беру. «Ін» Мәтін қанша сөйлемнен құралған?б) Өлең жолдарын оқып беріп, сөз ішіндегі  і әрпін тапқызу.

Іргебай інген іздеген,

Ілгері кетті ізбенен.в) Іргебай, ілгері, інген сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

 

 

Ү. Жаңа білімді тексеру.1.-Аңдар қайда мекендейді?  -Борсық пен суыр не істейді?   -Қоректерін қайда сақтайды?2. Ы,і дыбыстары бар сөздерді топтау.

Ыдыс                  ішік      Тыс        тіс

Ыс             іс          Ынта     тіл

Ырыс        ілгіш                                     Айырмашылығы қандай?

ҮІ. Білімді бекіту..І дыбысына қатысты сөздер жазу. Суретші, етікші, мұғалім, кесіртке,кекілік, елік.Ойын: «Қай әріпті жоғалттым» т…л, т…с, т…к, …р…, к…с…, …н… .Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс: тіл, тіс, із, ін, і, І .

ҮІІ. Сабақты қортындылау:  Біз бүгінгі сабақта не істедік?