І дыбысы мен әрпі
- Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысы, әрпімен таныстыру. І дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту. 2.Таза, көркем жазуға үйрету. 3. Білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -К дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?Кеше, кесте, береке, мереке сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ. а) Құрамында І дыбысы бар сөздің суреттерін көрсете отырып, ішік, ілгіш сөздерінен і дыбысын айырып алу.ә) Бірнеше рет хормен айтқызу. І дыбысының жіңішке айтылатынына назар аударту.б) І дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі-Іі Жазбаша түрі-І і в) Мақал-мәтел айтқызу,мазмұнын талдау.
1Бірлік түбі-тірлік.
2Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы.
3 .Ақыл тозбайтын тон.
Білім таусылмайтын кен.ғ) Қандай ? сұрағына жауап болатын қарама-қарсы сөздер айту.
Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.» Ауыр-жеңіл Аласа- биік Қара- ақ т. б.
Ү. Білімді тексеру:І дыбысы қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады?
ҮІ. Білімді бекіту.Тақтамен жұмыс. Сөйлем жазып үйрену: Асан тісін тазалады. Іңкәр ілгішке киім ілді. Дәптермен жұмыс: Із,ін іш, тірі, тіл, кіші, піл.
ҮІІ .Сабақты қорытындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?