Дауысты дыбыстар: а,у.о ы ұ е і ә и

  1. Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. 2.  Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру. Дауысты дыбыстар: а,у.о ы ұ е і ә иДауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, л  ш  й  қ  д м  б  с ж  ң  қ   в) Сөздік диктант. Жу, жуас, жас, жасау, жақсы, жаман, аң, аңшы,емен немере, береке, бірлік, білім, әдемі, Әсет. Ит –адамның досы.  г)  Сөздерді буынға бөлгізу: ирек, киік, биік итмұрын.

ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:

шиеинемалИнешИсатай

Сергіту сәті. Тақтамен жұмыс:1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.Дыбыс, айнала, құлақ, жануар, сабақ, табақ, масақ, қысқа, ұзын,орман.2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.Дәрі, адам,сағат жинап, майлар, шипалы, емдік, жұмбақ, сырмақ, текемет,әнші,дәптер.3. Жеке оқушымен жұмыс: Кеспе әріптерден буын, сөз құрау. Әдеби кітапшалар оқыту.4. Дәптермен жұмыс:

 ІҮ. Бекіту кезеңі:Дыбыс, буын         дегеніміз не? Сөз. Сөйлем Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық, енді ол туралы білгенімізді қорытындылаймыз.