Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру

23
  1. Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Жазылу  ерекшеліктеріне мән беру.Ұқыптылыққа , зеректілікке  баулу. Оқушының білімін  дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін  аудару.

 ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік? Мысал келтіріп көрейікші.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

 -Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі

ІҮ. Жаңа сабақӘ әрпін хормен айтқызу. -Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрап көрейікші.

-Тақырыбын не деп аламыз? -Әже мен немере. – жақсы  -Олар не істеп отыр? Әңгіме, ертегі айтып

отыр. Мәтін. Әже. Оқып беру.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.

ҮІ. Білімді бекіту.  Дәптермен жұмыс: Әә әрпін жазып үйрену         

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Әже дегенде Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?