Мақал-мәтелдер жарысы

Оспанова Альфия Алтаевна

Сыныптан тыс іс- шара. 9 сыныптарға

Тақырыбы: Мақал-мәтелдер жарысы

Сабақтың мақсаты:

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен жасалу жолдарындағы үқсастықтарды айқындау. Яғни ағылшын тілін шебер сөйлеумен бірге, көркем сөйлей білуіміз керек. Ол үшін ана тіліміздегі мақал-мәтелдерді де жақсы білуіміз қажет. Себебі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын (эквивалентен) ауыз екі сөйлеуде қолдану керек.

Ағылшын — қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің үқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыру.

Іс шараның түрі: жарыс.

Іс шара барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып екі топқа бөлінеді.

Тіл бейнелілігінің бірден бір көрсеткіштері — мақал-мәтелдер. Мақал- мәтелдерден халықтың ой санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой-дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан саналы құбылыстарына баға беріліп ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікірайтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады. Сөйтіп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді.

Мақал -мәтелдер бойындағы үлттық бояу әр халықтың әлем бейнесімен тығыз байланысты. Яғни, мақал-мәтелдер — бір жағынан тіл көркемдігінің сипаты. Мақал -мәтелдер өз тарапынан мәдени ақпаратты символдау қызметін атқарады. Ә.Қайдар: «Кез келген этностың, ұлттың, ұлыстың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр сипаты, қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып, салт-санамен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздермен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы жетіп келуі мүмкін» — деп өз тұжырымын айтқан болатын.

Бүгін сабағымызды ерекше түрде,яғни жарыс түрінде өткіземіз.

Жарыстың 1 бөлімі. Топтарға ақ бет таратылады,онда Мақал дегеніміз -…….. және 2 топқа мәтел дегеніміз-…….. деп жазылған сөздер бар. Топтардың мақсаты мақал және мәтел сөздерінің мағынасын ашып беру. Дұрыс және тез жазған топқа ұпай беріледі.

Жарыстың 2 бөлімі. Мақал немесе мәтел мағынасына салынған суреттер беріледі. Топтардың міндеті олардың мағынасын дұрыс табу.Мысалы: Не ексең , соңы орасың, Көп түкірсе көл. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай саны беріліп отырады.

Жарыстың 3 бөлімі. Ағылшын тілінде берілген мақалды аяқта:

The more you learn — to learn, a power, the more you know.

Knowledge is- to learn, a power, the more you know.

 

It’s never too late- the more you know, to learn, a power.

Live and- the more you know, learn, a power

Жарыстың4 бөлімі: Баламасын табу.Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным- сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.

Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.  Тапсырма:  қазақ тіліндегі мақалдардың ағылшынша баламасын табу.Мысалы: The rotten apple injures its nature. Шірік алма табиғатын бұзады.Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Acorns were good till bread was founded. Адамның тоғышарлығына байланысты. Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды. Қарын тойса, қарта әлем сасиды.

-Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа кез болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады.  Ендігі тапсырма:  Шекспирден алынған кейбір үзінділерді қазақ тіліне өз баламаларын табу: Brevity is the soul ofwit— Аз сөз-алтын. Rieh gifts are poor when givers prove unkind — Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаны жақсы жат артық.

A little learning is dangerous. Шала оқу қауіпті. Жол білмеген адастырады,

Жөн білмеген шатастырады.

To err is human. Who shall decide when doctors disagree.

— Қай халық болмасын, билік пен байлыққы сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келтіреді.

Ceaser’s wife is above suspicion . (Цезардың әйелі күдіктен жоғары.) Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін. Бұл тек қана бір мысал оларды келтіре берсек олар шексіз. Сондық келесі жарыстың бөлімін бастайық.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын (эквивалентін) ауызекі сөйлеуде қолдану керек. Екі тілдегі мақал-мәтелдердің де құрамында сан есімдер жиі қолданылады. Әсіресе бір сан есімі көп кездеседі. Тапсырма: топтарға сан есім берілген мақалды беру . Топтың міндеті  берілген сан есімдерді табу және  осы сан есімдерге байланысты мақал-мәтелдер  жазу. Мысалы қазақ тіліндегі мақал:

Бір мылтықтың аузына, мың кісі сияды.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

Бір ақымақтан мыңға зиян, мың ақымақтан он мыңға зиян.

Ағылшын тілінде:

One man, no man.

Once bitten, twice shy.

Сол сияқты қазақ және ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріндегі «жеті» нумеративті тіркестерді қарастырайық. Жеті саны екі тілде де киелі сан болып есептеледі. Екі тілдің аңыз ертегілерінде, діни нанымдарында да көп кездеседі. Қазақ тілінде:

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Жеті атасын білмеген — жетесіздіктің белгісі.

Ағылшын тіліндегі жеті нумеративіне қатысты:

At six and sevens (алты мен жеті арасында) — белгісіздік, көңілдегі мазасыздық, ой күңгірттігін білдіреді.

To knock seven bells out of somebody (біреуді жеті қоңыраумен ұру) — біреуді қатты ұру мағынасын білдіреді.

To throw a seven (жетіні лақтыру) — өну деген мағыналарды береді. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер сияқты ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің тақырыптары да әр алуан. Екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге арналған.

Жарыстың 5 бөліміне де келіп жеттік.

Берілген мақалды аяқта:

1 .Diamonds eat…(diamonds)

  1. A friend in need is a … (friend indeed )

Берілген сөздерден мақал құра:

1 .The first blow half the battle

  1. Home, west, best, east, or, is
  2. Friend in need, indeed, a, is

Ағылшын тілінде (не қазақ тілінде) берілген мақал-мәтелдердің қазақша, ағылшынша баламасын тап.

All are not saints that go to church- Мазарға барғанның бәрі молда емес.

One man, no man. — Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас.

—Сөз соңында, қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерге үңіле қараған сайын, оның қоғамның барлық саласын қамтитындығын аңғарасың. Бұл мақал-мәтелдердің басқа мәдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұны жағынан тереңдігіне ғана емес, көңілге ерекше қонымды, ұжымдылығында және барлық халыққа бірдей ортақтығында.

Демек, ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері бірін-бірі тікелей қайталамаса да, біріне-бірі ұқсас болатынын байқадық.