Ө дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру

  1. Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ө  дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру.   2.Шыншыл болуға баулу. 3.Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай ?  сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Ө дыбысы қай буында кездеседі? 2. Әр оқушыға тізбектей оқыту.3. Рольмен әңгімел

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін бекіту: -Төрт түліктерге нелер жатады? -Түйе, қой, сиыр, жылқы.— Төрт түлік атасы не деп аталады? -Түйе атасы –Ойсыл қара. Сиыр атасы  -Зеңгі баба. Жылқы атасы-Қамбар ата. Қой атасы-Шопан ата.  Төлдер қалай аталады? -Бота, қозы, бұзау, құлын. ә) Мақал-мәтел айтуға жаттығу.           Жұмбақ шешу.

Сөз атасы-мақал.                              Бір беткейде екі көл.  (көз)

Жақсы сөз-жарым ырыс.                         Күміс қасықтың

Өтірік айтпа, ұрлық жасама.                                Асты алтын      (Тіл мен сөз)

Жағасы құрақ,

Мөлдір суат.     (көз)

-Қандай суат? –Мөлдір суат. б) Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.

Сергіту сәтін өткізу. в)  Буындық, дыбыстық талдау жасау. Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл. г) Өлең жаттауға жаттығу  д)  Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

      ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.