Ө дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ө  дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.    2.Табиғатты қорғауға баулу. 3.Жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)      І топ «Ақ бота»                                               ІІ топ «Қарлығаштар»

З дыбысы кездесетін сөздерді ата .              Мына сөздерде з дыбысы нешінші

буында жазылып тұр.

Қандай түйе атауын білесіңдер?                              Зығыр, қызыл, қобыз, зәулім                    

Нар, бота, інген  бура                                       заңғар

Түйе басқа малдардан несімен ерекшеленеді?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.Өр-кеш сөзінен қандай таныс емес дыбыс естідіңдер? Ө-ө-ө дыбыстату.

Ө қандай дыбыс екен? Ө әріп таңбасымен таныстыру:  Баспа түрі-Бб, Жазбаша түрі-

Ө дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу. Мәтінді оқу ( рольмен)

Сергіту сәтін өткізу. Оқыту,  буын санын анықтау

   Ү. Білімді пысықтау. г)  Дамыта оқуға берілген тапсырмалар:1. Сөзді сызықшамен буынға бөліп көрсет. Өркен, өркеш, өзен, өлең, өмір.2. Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет. Бөлме, көже, шөже, сөз, көз.3. Жалғасын тап.  көр…,   көр…,   ө…,   ө… .Өнер, өріс, бөрік, өрнек, көрме, көрпе, көрші, көмір,өрік, өлең, өрмек.д)  Дәптермен жұмыс:  Үлгі бойынша берілгенді жазу.

   ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?