Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру

  1. Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.    2.Ұқыптылыққа баулу. 3.Сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Малдың төлдерін ата. Бөпешім өлеңін жатқа айт.Дауыстап оқыту. Ө қандай дыбыс?Жуан дауысты дыбыстарды ата.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Суреттегі құстың аты не? Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.Үй құстарын атаңдар. Ү-ү-ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?Ү әріп таңбасымен таныстыру:  Баспа түрі-Үү, Жазбаша түрі- Үүә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз? ү-кі кү-ріш  түл-кі         жү-рек  үй-рек  кү-міс күл-кі  кү-рек үй-шік  кү-шік  түй-ме        жү-зік

Сергіту сәтін өткізу. в) «Ойлан тап» ойынын ойнату.  Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы,                                   Табаны суды сүйеді,

Үйіме үйін салады.   (қарлығаш.)                Қабағы күнге күйеді.         (күріш)

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс.  (Жүгері)  г) Тақтамен жұмыс:  Жеке сөздер жазғызу д)  Дәптермен жұмыс:   Үлгі бойынша берілгенді жазу.

    ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен теныстық?