Ағылшын тілі мұғалімі Абусакова Гульмайран Нурлановнаның орта мерзімді жоспарлау туралы рефлективтік ойлар туралы жазған есебі

58

Ағылшын тілі мұғалімі Абусакова Гульмайран Нурлановнаның орта мерзімді жоспарлау туралы рефлективтік ойлар туралы жазған есебі

Мен өзімнің мектеп тәжірибе кезімде зерттеу пәніне ағылшын тілі  9-ші сыныпта  алдым.  Менің ойымша мұндағы мұғалімнің негізгі алдына қойған  мақсаты — өзге тілді үйрету.  Оның ішінде ағылшын тілі  – халықаралық тіл болғандықтан,  ол барлық мектептерде оқытылады.  Тілді меңгерту және дұрыс сөйлеу,  сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелермен және сөйлем құрлысын меңгерту.  Өзге тілді оқытуда бірден- бір тиімді әдісі- сыни  тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймын.  Сыни тұрғыдан ойлау бақылауды тәжірибенің ойлау мен талқылау нәтижісінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.  Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп,қорытып өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.  Нағыз сабақ ол әрқашан диалог, іздене дайындала, үйрене, оқушылардың болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сондай-ақ мен өз тәжірибемде іс-әрекетімді бақылау үшін орта мерзімді жоспар жасадым. Осы жоспар бойынша жұмыс істеуге бел будым. Осы сабақта жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушымның іс-әрекетін байқадым. Өз сабақтарымда диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және ОБ  модульдерін пайдалан арқылы үш оқушымды зерттеуге алдым. Сол кезде байқағаным жылдам  жұмыс  істейтін оқушы тапсырмаларды тез және шапшаң орындады, бірақ сол тапсырманың мазмұнын талдау, грамматикалық сауаттылық орташа  болды. Негізі орташа қимыл-қозғалысты бала тапсырманың мазмұнын дұрыс түсінуге, оны мұқият орындауға тырысты. Үшінші оқушым баяу болғандықтан, тапсырманы толық орындауға үлгермей отырды. Мұндай жағдайларда сол оқушының тума мінез құлқына байланысты деген ойға келдім.  Бірақ та жылдам жұмыс істейтін оқушыда тапсырманы мұқият оқы, тиянақтылық, қарапайым қате жібермес үшін  орындаған тапсырманды қайталап тексере отыр- деген ақыл кеңес беріп отырса да , ол оқушының жұмысында нәтиженің жақсара түсуін байқадым. Енді орташа балаға келетін болсам, оның тапсырманың қаншалықты мұқият орындауын, жауаптарына толық болуын ескере айта берудің қажеті жоқ. Оған тек біраз шапшаңдау болу ахуалын туғызу керек. Баяу оқушыма келетін болсам оның іс-әрекетін жылдамдату  үшін оған жеңіл тапсырмалар беріп, уақыт жетіп жатса, қосымша тапсырма беруге болады. Оның баяулығының неден екенін көз жеткізу керек. Мүмкіндік бергенше оған қолдау, демеу көрсетіп уәждендіріп отырғанымыз дұрыс. Оқушының іс-әрекет етуі қаншалықты баяу және жылдам болу себептерін анықтап алу керек. Ол үшін мектеп психологі мен де тренингтер өткізіп нәтижесінде көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын.Мұндай оқушылардың жұмысын бағалау кезінде жұмыс мазмұнына баса назар аудара қоймай, оларға уақытты тиімді пайдаланғанын ескере отырған дұрыс. Оқушыларға тән өзіндік қарым- қатынас, мінез –құлық пен қимыл –қозғалыс тәсілдері – баланың танымы мен іс-әрекетінде, өзін-өзі ойлау үрдісінде қалыптасады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды талқылауды  және мұқият жоспарлауды қажет етеді. Дарынды және талантты балаларды анықтауда әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдаланып, олардың қандай деңгейде жұмыс істей алатындығына көзім жетті. Олардың есте сақтау қабілеттері жоғары олар білімді біле ғана қоймай пайдалана алады. Осы мақсатта білім беру жүйесін тереңдету үшін білім үдерісін түсіну және нені оқу керектігін түсіну, сонымен қатар оқу нәтижесіндегі бағалау мүмкіндігін толық игере отырып жас ұрпақты тәрбиелеймін.

 

Пайдаланған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық. Тарапта материалдар 9 тап- ресурстар 5-9