Коучинг тақырыбы: Басқару және көшбасшылық

378

 

Коучинг жоспары

Апта Күні    21.09.2013
Коучинг тақырыбы: Басқару және көшбасшылық
Сілтеме: Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі: Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар: Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.

Кәсіби білім, біліктері өседі.

Тренинг өткізу «Сөйлем құрау» 2 минут
Топқа бөлу  Түрлі түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. 2 минут
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу) Уақыт
Кіріспе  тапсырма Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі

1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би

2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин

3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко

Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады  )

 5 минут
Бағалау Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды. 2 минут
№ 1 тапсырма   « Көшбасшы» ұғымын постер жасап қорғау. 5 минут
Бағалау Түрлі түсті стикерлер арқылы  бағалау:

қызыл -«жақсы»,

жасыл -«орта»,

сары-«төмен» (топтар бір-бірін бағалайды)

Тренинг-сергіту Кірпі (қара жорға) 2 минут
№ 2 тапсырма Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек. Тақтада 3 түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі. (Өктемшіл көшбасшылық. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Делигирияшыл көшбасшылық.)  10 минут
 

бағалау

 

Дескриптор арқылы бағалау. (Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды.) 3 минут
Қорытынды рефлексия Бүгінгі коучинг саған ұнады ма? (рефлексиялық парақ толтыру) 3 минут