Г дыбысы мен әрпі

27

74.Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Г   әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға  жаттықтыру.      2.Зерек етіп тәрбиелеу.   3.Білімін кеңейту, сөздік  қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   суреттер .

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.93 бетті оқыту.  Г қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Ақ көгершін» жатқа айту.

 ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту. ә) «Ақан сері» мәтіні неше сөйлемнен құралғанын, мазмұнын түсіндіруб) Сөз  соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі       ілгек-ілгегі     жәшік— жәшігі

білек-білегі        етек-етегі       шелек-шелегі

Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді тексеру.1. Г әрпіне сөз ойлау. 2  Ақан сері кім? 3 Құлагер кімнің тұлпары?4 Ақанның бүркітінің аты не? 5 Ақан не туралы ән шығарды?

ҮІ.  Жаңа білімді пысықтау. Дәптермен жұмыс: Г г әрпіне қатысты сөздерді жазып үйрену.

Сөздік диктант: Егін, егіз, семіз, сағыз. тамыз, шеге, неге, гүл, жүгері, бәйге.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

     ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау